Тарасовтың тағылымды жолы

Әлеумет
09.05.2019, 14:17

Соғыс ардагерлерінің қатары жыл санап азайып келеді. Сондықтан олардың әр күніне құрмет көрсетсек, артықтық етпейді. Сол жастық шағы соғыс жылдарына тап келген ұрпақтардың арқасында біз бүгінгі бейбіт күнге жетіп отырғанымызды бір сәт те ұмытпауға тиіспіз.

Тамбовта туған соғыс ардагері Николай Гаврилович Тарасовқа Шымкентте өмір сүру жазыпты. 94 жастағы қарт майдангер жалғыз қызы Светаның қолында Шымкентте тұрады. Бір немере, 3 шөбересі бар.

Мерекеге орай құттықтап барған бізді қуана қарсы алды. Келетінімді алдын ала ескертіп қойғандықтан ардагер костюмін киіп, орден-медальдарын тағып алыпты. Соғысқа шақырған әскери билетін, сонау 1946 жылдан бері сақтап келе жатқан әскери құжаттарын, фотоларын көрсетіп, әңгімесін айтып, өткен күннің естелігі жанын жадыратқандай қария бір жасап қалды.

Николай Тарасов 1925 жылы 2 желтоқсанда Тамбов облысында шаруа отбасында дүниеге келген. 1934 жылы мектепке барып, соғыстың басталып кетуіне байланысты оқуын тоқтатуға мәжбүр болады. 1942 жылы Совет армиясының қатарына шақырылып, бірден майданға жөнелтіледі. Николай атайдың айтуынша, оларды алдымен Балтық жағалауындағы 385-арнайы зенитті дивизионның 3-ші батареясына алып келген. Тарасов сол жерде 85 мм зенитті пушкалардың яғни зеңбірек нысанашысы болады. 1943 жылы қазан айында 6 адам басқаратын зеңбіректің командирі болып тағайындалады. Бұл қаруды Балтық аспанын жау ұшағынан қарсы қорғау үшін пайдаланған. Бұдан кейін дивизион Польша жеріне ауыстырылады.

«Великие Луки, Невель қалаларын басып өтіп, 1945 жылы ақпанда 385 дивизион 605 зенитті полктің құрамында Польша территориясына бет алдық. Варшаваға келген соң да ұшаққа қарсы тойтарыс беруді жалғастырдық. 8-9 мамыр жеңіс күнін осы Польшада қарсы алдым. Біздің 385 дивизион соғыстың соңына дейін сол жерде болды. Кейіннен бізді Беларусь жеріне ауыстырды. Сол жерде 1948 жылға дейін әскерде қызмет еттім. Соғыс біткен соң қару-жарақтың бәрін тізім бойынша қайтарып, Тамбов қаласына оралған соң, бір ай демалдым да вагон жөндейтін зауытқа дәнекерлеуші болып жұмысқа орналастым», – дейді ардагер соғыстан кейінгі жылдарын еске алып.

Алдымен столяр, кейіннен дәнекерлеуші болып еңбек ете жүріп, кешкі мектепті оқып бітіреді. Теміржол саласында кәсіби білім алады. 1965 жылы Шымкент жол бөлімшесіне ауысып келеді. Тамбов қаласынан Шымкентке қоныс тепкен Тарасов 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін теміржол бөлімшесінде инспектор және инженер болып жұмыс істеген.

Николай Тарасов әңгімешіл жан екен, майдан даласында жерасты окоптарда ұйықтайтын кейде ғана етіктерін шешетіндерін, ал шинелдерін жамылып жататын болғандарын әңгімеледі. Зеңбірекпен жауларды көбіне күндіз емес, түнгі уақытта үркітіп отырыпты. Ал Польшада казармада тұрған. Ол жерде күн сайын фрицтерді көретінін, олар қарсылық білдірген жағдайда қару қолдануға болғанын айтады. 1945 жылы дәл 9 мамыр күні жарылған снарядтан жараланып, госпитальға түсіп қалыпты. Айтуынша, 9 мамыр жеңіс күнінен кейін де біразға дейін бомбалар жарылып, соғыс жалғасқан.

Бүгінде бейбіт заманда күн кешіп жатқан ардагер ІІ Ұлы Отан соғысы ордені мен «Германияны жеңгені үшін» медалімен, мерейтойлық төсбелгілермен марапатталған.

Қоштасарда қолымызды қысып, бетімізден сүйген қарт майдангер «Біз көрген сұмдықты қазіргі ұрпақ көрмесін, бақытты болыңдар» деп батасын берді.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
Жолаушылар тасымалы
29.04.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 3 млн-нан астам жолаушы тасымалданды
Әлемде
29.04.2026
АҚШ өткелдердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 1,1 миллиард доллардан астам қаржы бөлмек
Жаңалықтар
29.04.2026
Теміржол өткелдерінде орын алған жол-көлік оқиғалары саны азайды
Жаңалықтар
29.04.2026
Теміржолды кесіп өткен 18 мыңнан астам адам жауапқа тартылды
Аймақтар
28.04.2026
Көлік полицейлері вокзалда жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетті
Әлемде
28.04.2026
Индонезияда екі пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты
Инфрақұрылым
28.04.2026
Басты көрсеткіш – сапа
Инфрақұрылым
28.04.2026
ТХКБ: Ортақ мүдделердің тоғысуы
Жаңалықтар
28.04.2026
Вице-министр Ж. Тайжанов Орынборда теміржол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады
Қауіпсіздік
28.04.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Жүк тасымалы
28.04.2026
Транзитті дамытудың маңызды факторлары
Қауіпсіздік
28.04.2026
Жамбылдық теміржолшылардың қауіпсіздік ұстанымы
ҚТЖ келбеті
28.04.2026
Танымал тұлғаның тағлымды жолы
Аймақтар
28.04.2026
Еңбекті қорғау күні: Маңғыстауда теміржолшы Нұрболат Жасановты еске алу турнирі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
28.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №32-33 28 сәуір 2026 жыл
Аймақтар
27.04.2026
«Қазақстанда жасалған» вагондарға сұраныс бар
Аймақтар
27.04.2026
Машинистер білімін арттыруда
Әлемде
27.04.2026
Ресейде теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының саны 51%-ға өсті
MyQaz.kz