Теміржолшылар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетті

Әлеумет
01.07.2020, 12:38

Әлем халқын әбігерге салған індет елімізге де салқынын тигізбей қоймады. Бұл білім беру саласына да кері әсер етті. Қазақстан мектептері бұрын-соңды болмаған қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Әрине, тәжірибенің жоқтығы, көптеген отбасының компьютер, интернет желісімен қамтамасыз етілмегені – өз алдына бөлек мәселе. 

Алайда, індеттің беті әлі қайта қойған жоқ. Мамандардың пікірінше, оқушылар күзде де қашықтан оқуы әбден мүмкін.

Сондықтан әр отбасы осы бастан қамдануға кірісіп кеткен. Ал әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасыларға қолдау көрсетіп, шама-шарқынша көмек беретін азаматтардың бары қуантады. Кеше Алматы-1 теміржол вокзалының жүкбагаж бөлімшесінде қолданыстан шыққан ескі компьютерлерді «CompForChildren» жекеменшік қорына табыстады. Қор мамандары оларды жөндеп, қажетке жарайтындарын іріктеп, жағдайы төмен отбасыларға таратады.

«Қазақстан темір жолы» АҚ ҰК – Бас есептеу орталығының жетекші инженері Джухан Қадырова: «Біздің филиал қорға есептен шыққан компьютерлердің үлкен партиясын берді. Олар өндірістегі жұмыс үшін қуаты әлсіз болғанымен, мектеп оқушылары үшін қолданысқа әбден жарайды. Істен шыққандарын жөндейді. Осылай, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар үшін аз да болса көмек жасағымыз келді» дейді. «CompForChildren» жекеменшік қорының өкілі Равиль Насифуллин өз сөзінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына алғысын білдіре келе:

«Қыркүйек айынан бері осындай компьютерлерді жөндеп, бірнеше оқушысы бар отбасыларға табыстаудамыз. Бұл өзімнің жеке бастамаммен жүзеге асып келеді. Бұған дейін Алматы қаласындағы көпбалалы және мүгедек баласы бар бірталай отбасын қуантқан едік. Сондықтан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының біздің қайырымдылық жұмысымызды қолдап, міне, тағы да қыруар техниканы жеткізіп бергеніне ризамыз. Біз мұны іріктеп, іске асатынын жөндеп, жамап-жасқап, енді аймақтарға, Тараз, Шымкент қаласындағы  мұқтаж отбасыларға жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Себебі, алдағы жаңа оқу жылында оқушылар қашықтан оқып қалса, бұл әбден керек» деді.

Сондай-ақ, осы қайырымдылық істің басықасынан табылған жастар – Алматы жүк тасымалы бөлімшесінің қызметкері Диас Байғонысов пен Алматы магистральдық желі бөлімшесінің қызметкері Айгүл Дүненбаеваның айтуынша, Волонтерлар жылы болып жарияланған 2020 жылы қайырымдылық жасаудан теміржолшылар қалыс қалып жатқан жоқ. Бүгінгі шара – соның бір парасы.

Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Әр адам қайырымдылық жасау арқылы жақсылыққа біртабан қадам басады. Қайырымдылық жасау – қаржылай көмек беру ғана емес, оны сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де көрсетуге болатынын теміржолшылар тағы бір игілікті істерімен дәлелдеді.   

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді