«Жеңіс» жобасы жалғасуда

Әлеумет
03.08.2020, 15:26
Оқуға 2 мин

2015 жылдан бастап Қазақстанда «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Жеңіс» республикалық әлеуметтік-қайырымдылық жобасы жүзеге асырылып келеді. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тың еңбеккерлеріне көмек көрсету мақсатында құрылған бұл жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, өз міндетін абыройлы атқарып келеді.

Биылғы жылы Атырау облысында аталған жобаны жүзеге асыру теміржолшы жастардың еншісіне тиген. Жоба талаптарына сай еріктілерден құрылған топ көмекке мұқтаж ардагерлердің хәлін біліп, қажет жағдайда көмекші болады. Ерікті жастардан құрылған топ ардагерлерге үй шаруашылығында көмек көрсетіп, дәрідәрмек пен азықтүлік алуға да қолдау көрсетіп отырады. Жоба бүгінгідей карантин жағдайында да тоқтаусыз жүргізіліп, өзектілігі арта түсуде.

– «Жеңіс» жобасын жүзеге асыру бізге, яғни теміржолшы жастарға сеніп тапсырылғанын абырой санаймыз. Сондықтан да мобильді топтың бір ұжымнан болғаны дұрыс деп тауып, Атырау станциясының жұмысшы жастарының басын біріктірдік. Олар: станция бастығының орынбасары Ж.Малкеш, инженерлер С.Мұхамбетова мен Ш.Күздібаева, вагон жүрісі жылдамдығын реттеуші Ж.Махмед, оператор А.Сәрсекенова, белгі берушілер А.Беріков пен Н.Қойшығариев. Міне, осы топ құрамымен биылғы жылдың сәуір айынан біз жоба бойынша жұмысымызды бастап, күні бүгінге жейін жалғастырып келеміз, – дейді «Жеңіс» жобасының Атырау қаласы бойынша үйлестірушісі, Атырау станциясының бас инженері Бекжан Жиенбетов.

Бүгінгі күнге дейін еріктілер тобы барлығы 40 ардагердің үйіне барып, әр түрлі көмек көрсеткен. Олардың ішінде 7 соғыс ардагері болса, 33 тыл еңбеккері бар.

Наурыз айында карантин шаралары басталған сәттен барлық санитарлық талаптарға сай әрекет етуге тура келіпті.

«Бетперде тағып, қолымызға медициналық қолғап киіп, контактсыз жұмыс әдісіне көштік. «Самұрық-Қазына» шотымызға әр ардагерге белгіленген көлемде қаражат аударады, біз соған қажетті азық-түлік (тізім бойынша) пен дәрі-дәрмектер алып, ардагерлерге апарып береміз. Кейін «Самұрық-Қазынаға» есеп беріп отырамыз. Ардагерлердің басқа да мұқтаждары болса көмектесеміз, олардың тізімін облыстық ардагерлер ұйымынан алдық. Жыл соңына дейін біз осы жоба аясында жұмысымызды жалғастыра береміз», – дейді Бекжан.

Әлемде
19.10.2026
Ресейде push-pull технологиясымен жүретін алғашқы қала маңы пойызы іске қосылады
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде