Теміржолшылар ақын өлеңдерін жатқа оқыды

Әлеумет
10.08.2020, 15:37
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

10 тамыз – Абай күніне орай теміржолшылар ақын өлеңдерін жатқа оқудан жарысуда. Челлендж «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на қарасты барлық бөлімшелер мен мекемелер арасында тез тарады. Теміржолшылар өлең оқуды Telegram, Instagram және Facebook әлеуметтік желілері арқылы қабылдап жатыр.

Биыл Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл. Елдегі қиын жағдайға байланысты ұлы ақынның құрметіне арналған халықаралық деңгейдегі айтулы мерекелер кейінге қалдырылды.

Десек те, артына өшпестей із қалдырған ұлы ойшылдың туған күнінде әр қазақ бір-біріне рухани қолдау жасауда. Қазақстан теміржолшылары да айтулы мерекені ескерусіз қалдырмады.

«Ұлы Абайды оқу – өзіңді, қазақы болмысыңды тану. Абайды оқып, ойдағы сөзді, бойдағы мінді түзейміз, адамдық қасиетке ұмтыламыз» деп әлеуметтік желіде теміржолшылар арасында жарияланған челлендж көпшілік қолдауына ие болуда. Ақтөбе жол бөлімшесі Дөң станциясы Батыс Қазақстан теміржолшыларынан эстафета қабылдаған Ақтөбе ЖТ бөлімінің қызметкері Әнуар Іштаев:

«Өлең – сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы» деп бастап, эстафетаны әрі қарай Атырау және Маңғыстау жол дистанцияларына жолдады.

Ал Ақтөбе станциясының қызметкері Жансая Төреғұлова:

«Есіңде бар ма жас күнің, Көкірек толы, бас күнің...» деп жалғастырды.

Теміржолшылар Абай өлеңдерін жатқа оқу Ұлы ғұламаға құрмет көрсету әрі ұрпақ тәрбиелеудің тиімді тәсілі дейді.

«Абай өлеңдерін бала күнімізден оқып өстік. Тек біз ғана емес, оны әлем елдері аударып оқыды. Осындай ұлы ақынымыздың өлеңдерін әр теміржолшы жатқа айтқаны қуантады», – дейді Ақтөбе темір жол жастарының басшысы Дархан Әнуаров.
Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды