Бес жылдық жұмыс қорытындысы шығарылды

Әлеумет
24.08.2020, 16:24
Оқуға 3 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы Батыс филиалының XIII онлайн есеп беру конференциясы өтті.⁣ Онда Батыс кәсіподағының 2015 жылдан бастап атқарған жұмысының есебі тыңдалып, бес жылдық жұмыс қорытындысы шығарылды.⁣

Ақтөбе бөлімшесінде өткен есеп беруге 26 бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдері толықтай қатысты. Кездесуде атқарылған жұмыстармен қатар алдағы жылдарға жоспарланған мақсат-міндеттер қаралды. Есепті кезеңде 50-ден астам қызметкер Ақтөбе және Орал облыстарындағы кәсіподақ филиалымен ұйымдастырған семинарларда біліктілігін жетілдірген. 30-дан астам бастауыш ұйымдардың төрағалары мен тексеру комиссиялары Кәсіподақ федерациясының курстарына қатысқан. Әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты жақсарту және одан әрі дамыту қажеттілігі айтылды.

Соның ішінде еңбекті қорғау, қоғамдық бақылау нысандарын жетілдіру, жарақаттану мен кәсіптік ауруларды болдырмайтын еңбек жағдайларын қамтамасыз ету басты назарда. Негізгі міндет – жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін сенімді қорғауды қамтамасыз етуді көздейді.

Қазақстан салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы Батыс филиалы төрағасы Ғабит Садықовтың айтуынша, еліміздегі кәсіподақ ұйымдары жұмысшылардың еңбекке деген құқығын, лайықты жалақы мен қалыпты еңбек жағдайларын қорғаушы құралы болып қала береді.

«Кәсіподақ активі жұмысының негізгі басымдықтары еңбек және ұжымдық келісімдердің тиімділігін арттыру екені сөзсіз. Біз саланың ұжымдық шартына кіретін әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін бар күшімізді салуымыз керек. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК » АҚ басшылығының 2018 жылғы 21 қаңтарда теміржолшылар кәсіподағы жұмысшыларының қатысуымен өткен кеңесінде талқыланды. Ұжымдық шартқа енгізілген барлық мәселелер 100% орындалатындығы айтылды. Кәсіподақтың міндеті – бұл міндеттемелерді орындауға қажетті қаражатты филиалдардың бюджеттеріне енгізіп, кейін толық көлемде пайдаланылуын қамтамасыз ету», – дейді Ғабит Садықов.

Қазіргі уақытта кәсіподақ ұйымының орталық кеңесі 2021-2023 жылдарға арналған жаңа ұжымдық шартты дайын- дауда. Филиал отырыстарында талқыланған мәселелер ұсыныс болып жолданады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да ұжымдық шарт жасасу жөніндегі комиссияның қарауына ұсынылған ұсыныстар жинағын ұйымдастырды. Осындай ұсыныстар нәтижесінде 2,3,4,5 класты станция жұмысшыларының жалақысына 2 АЕК қосымша төлем қосылды. Филиал төрағасы кәсіподақ мүшелерін құқықтық тұрғыдан сауатты болуға шақырды.   

«Кәсіподақ көшбасшылары өздерін дамытуға күш салу керек. Біз – жұмысшылардың заңды өкілдеріміз. Сондықтан, ең алдымен, кәсіподақ жетекшілері қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін сәйкес деңгейде қорғауға қамқорлық жасауы керек. Ол үшін комитет төрағалары құқықтық сауатын арттырып отыруға тиіс. Бұл жерде әртүрі деңгейдегі семинарларға қатысу жеткіліксіз, әр тұлға өзін-өзі тәрбиелеумен айналысып, ел заңындағы өзгертулер мен толықтырулардан хабардар болуға тиіс», – дейді төраға.

Кәсіподақ ұйымдары теміржолшылар арасындағы байланыс, достықты нығайту үшін спорттық шаралар өткізуге көп көңіл бөледі. 2016-2019 жылдар аралығында шағын станцияларда және разъездерде жүйелі түрде спорттық іс-шаралар өтті. Шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика секілді түрлі жарыстар ұйымдастырылған. 2016 жылы кәсіподақ филиалының кеңесі Ақтөбеде экономикалық жолмен шағын стадион салу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта «Теміржолшы стадионы» толығымен пайдаланылуға берілді. Сала қызметкерлері жылына 6 ай бойы футбол, волейбол және энергетикалық спорт түрлерімен айналысады. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды