Ақтөбенің абыройлы азаматы еді

Әлеумет
23.09.2020, 20:26

Ғасырдан аса уақыт ішінде теміржолшы кәсібі қазақ ортасына берік орнығып, бұл атадан балаға берілетін дәстүрлі мамандыққа айналды. 

Өткен ғасырда теміржол көлігі саласына бүкіл саналы өмірін жұмсап, 53 жыл еңбек еткен құрметті теміржолшы Көптілеуов Балапанды ақтөбеліктер жақсы біледі. Осы әулет дәстүрін абыроймен жалғастырған Еркін Балапанұлы еді. Өкінішке орай, талай қымбат жандарымыздан айырған биылғы жаз бұл әулетке де ауыр қайғы әкелді. Көптілеуов Еркін Балапанұлы 2020 жылы шілденің 12 жұлдызында дүниеден өтті... 

1960 жылы Шалқар қаласында дүниеге келген ол еңбек жолын 1977 жылы Маңғышлақ локомотив депосының Бейнеу станциясындағы локомотив депосында слесарь болып бастады. Гурьев жол-техникалық мектебін бітіргеннен кейін аттай он жыл машинист болды. Еңбек ете жүріп Алматы теміржол көлігі институтында оқып, инженер-механик мамандығы бойынша жоғары білім алды. 

1991 жылы Бейнеу локомотив депосының кәсіподақ комитетінің төрағасы болып бекітіліп, 1993 жылы Бейнеу мен Мақат деполары біріктірілгенге дейін жұмыс істейді. Ақтөбе жол-техникалық мектебіне ауысқанға дейін жаңадан құрылған Бейнеу локомотив депосында машинист-нұсқаушы болды. 

Теміржолға маман кадрларды даярлауда Ақтөбе оқу орталығының орны бөлек. Орталық 1995 жылы жол-техникалық мектеп ретінде құрылған болатын. Бұл бұрынғы Батыс Қазақстан темір жолының жалпы мамандықтарға үнемі зәрулігін өтеудің бірден-бір білім ордасы еді. Әдеттегі техникалық мектептерде білім екі-үш мамандық аясымен шектелсе, Ақтөбе темір жол қызметкерлері оқу орталығы бірнеше мамандық бойынша дайындалды. 

Еркін Балапанұлы 1995 жылы жол-техникалық мектебі ашылған күннен бастап мектеп директорының оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалады, ал 2000-2010 жылдар аралығында оқу орталығы директоры болды. 

Мамандықтың төменгі буын иелерін кәсіпорындардың нақты тапсырмасына байланысты дайындайтын онда алғашқы жылдың өзінде-ақ 18 кәсіп бойынша 406 адам оқып шықса, 200-ге жуығы біліктілігін жетілдірді. Он бес жылдан кейін, есігін ашқан алғашқы күннен бастап Ақтөбе оқу орталығын 10 мыңнан астам курсант тамамдап, оның ішінде 7 мыңнан астамы нақты кәсіп бойынша даярланып, 3 мыңнан астамы біліктілігін көтереді. 

2012 жылдан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының Ақтөбе аймағы бойынша участок бастығы қызметіне кіріскен Еркін Балапанұлының тікелей ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Ақтөбеден Астанаға, Қазақстанның батыс өңірі мен бас қаланы жалғайтын №88/87 жаңа жүрдек пойызы іске қосылды. 2017 жылдан «Жолаушы тасымалының Жүк-багаж тасымалы «Южный» аймақтық филиалына қарасты «Батыс» аймақтық учаскесінің бастығы қызметін атқарған Еркін Көптілеуов мұнда да іскерлік қасиетін таныта білді. «Батыс» аймақтық учаскесінде Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау төрт багаж бөлімшесі және Қандыағаш, Бейнеуде екі багаж пункті құрылып, түрлі багаж қабылдап-жөнелту жүзеге асырылатын болды.

Еркін Көптілеуов қандай қызметте болсын, көшбасшылықтың демократиялық стилімен, нақтылықпен, берілген тапсырмаларды орындауға команданы сендіре және ұйымдастыра білуімен ерекшеленетін кадр еді. 

Қазақстан темір жолының 100 жылдығына орай «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, 2014 жылы «Қазақстан темір жолына 110 жыл» төсбелгісімен марапатталған. 

Шынболат ҚАРАМЕРГЕНОВ,

Ақтөбе 

Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті
Аймақтар
29.05.2026
Алты жасар ақнұрдың жетістігі
Жаңалықтар / Мұрағат
29.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №41 29 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
28.05.2026
ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Аймақтар
28.05.2026
Жақсылықтың жаршысы еді...
Спорт
28.05.2026
Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жүк тасымалы
28.05.2026
ТХКБ арқылы жүк тасымалы алты есеге артып, Қазақстанның ықпалы күшейді
Әлемде
28.05.2026
Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты