Жас үздік маман: білім бәсекесінің үздіктері

Әлеумет
29.09.2020, 17:00
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе және Орал жүк тасымалы бөлімшесінің мықтылары «Жас үздік маман» байқауында бақ сынады. Шараға жиырмадан аса теміржолшы қатысты. 

Аймақтық байқаудың өту тәртібінде барлық эпидемиологиялық жағдай сақталған. Басқармада бас қосқан теміржолшылар арақашықтықты сақтап, қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілді. 

Теміржолшылар арасындағы мықтыларды анықтау бәсекесі екі бөлімнен тұрды. Оның біріншісінде тест тапсыру болса, екінші бөлімде билет таңдау арқылы сұраққа жауап беру керек. 

– Тест 25 сұрақтан тұрды. Шарттардың ішіне жауаптың дұрыс болуымен қатар, шапшаңдық та ескерілді. Әр артықшылық балл көрсеткішімен есептелінді. Бұл байқау жастарға жігер беріп қана қоймай, әрдайым біліктілігін арттырып отыруға жетелейтіні сөзсіз. 

Себебі, сүрінген сұрақтың жауабын білуге ұмтылыс, білсем деген құлшыныс жастарды алға жетелейтіні рас, – дейді техникалық бөлім басшысы Жасұлан Рсқалиев. 

Жауап беру көрсеткіштері мәреге бірдей болып жеткен кезекшілерге қосымша сұрақтар беріліп, үздіктері таңдалды. Жіңішке станциясының кезекшісі Асқар Сәндібай байқаудың барлық талаптарын орындап, ең жоғары балл жинады. 

Аймақтық «Жас үздік маман» байқауының жеңімпазы Асқар Сәндібай – Атырау қаласының тумасы. 32 жастағы жас маман жеті жылдан бері Жіңішкеде станция кезекшісі. 

– Ақтөбе теміржол бөлімшесінің бірнеше разъезінде еңбек еттім. 2013 жылдан бастап Жіңішке станциясында жұмыс істеп келемін. Негізгі міндетім – пойыздарды қабылдап, жөнелтіп отыру. Құрамды құрастыру, шашу жұмыстарын бақылаймыз. Байқауға қатысуға станция басшысы ұсыныс жасаған болатын. Алдағы уақытта республикалық байқауда да сенімді ақтауға тырысамын, – дейді Асқар Сәндібай. 

Білім сайысында жоғары көрсеткішке жеткен үздіктерге жеңімпаз дипломы мен техника бұйымдары берілді. 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды