Ақтөбелік түлектер теміржолшылар қатарын толықтырды

Әлеумет
09.07.2021, 14:53
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Батыс өңірдегі теміржолшылар даярлайтын білім ордасы – Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің бір топ түлектері жергілікті теміржолшылар қатарын толықтырды. 2020-2021 оқу жылын тоғыз мамандық бойынша бітірген 388 түлектің жартысынан астамы аймақта түрлі мекемелерге жұмысқа орналасқан. Студенттердің инновациялық технология бағытымен кәсіби бағытта білім алуына, оқытудың жаңа технологияларын үйретуге бағытталған заманауи жаңа қондырғылармен жабдықталған 49 оқу кабинеті, 9 шеберхана, 8 компьютерлік кабинет, 15 зертханалық, шет тіліне арналған 2 лингафондық, 1 оқу-әдістемелік кабинеті, 1 баспахана, 1 оқу полигоны, спорт залдар мен конференциялық залдар бар. Колледжде мамандарды даярлау әлеуметтік серіктестік қатынастағы кәсіпорындардың белсене араласуымен жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні колледж студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру мақсатында 23 мекемемен келісім-шарт жасасқан. Олардың қатарында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі мен оған қарасты Ақтөбе жол дистанциясы, Ақтөбе белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанциялары, «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалы – Ақтөбе локомотив жөндеу депосы, «Транстелеком» филиалы, Батыс аймақтық «Лизинг-Ақтөбе» филиалы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жергілікті филиалы, тағы басқа мекемелер бар. Колледжде дуальды оқыту жүйесі 2012-2013 оқу жылынан бастап «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандықтары бойынша оқу процесіне енгізілді. Студенттердің мекемелерде тәжірибе алмасуына толық мүмкіндіктер туды. Мұның бәрі, сөзсіз, білім беру деңгейінің артуына әсерін тигізді. Жаңа инновациялық технологиялар мен жан-жақты жаңа бағдарламалардың оқу процесіне енгізілуі мамандар дайындауда жоғары нәтижелер беруде. Ақтөбе теміржол колледжі 1932 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы жылдар ішінде теміржолдың әр саласы бойынша 40000-нан астам маман дайындап ұшырған. Колледж 3 оқу ғимаратымен, 2 студенттер жатақханасымен қамтылған.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды