Ақтөбелік ардагер теміржолшы 40 жылда салалық газетінен коллекция жинады

Әлеумет
30.07.2021, 14:16
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе локомотив пайдалану депосы ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Алпысбаев бір ғасырлық тарихы бар теміржолшылардың салалық газетінен коллекция жинайды. Ардагердің архивінен «Қазақстан теміржолшысы», «Гудок», «Болат жол», «Стальная магистраль» газеттерінің қиындысын көруге болады. Ұлттық компаниядағы корпоративтік құндылықтың сонау заманнан жолға қойылғанын айтқан ардагер теміржолшыларды – Тәуелсіз Қазақстанның әлеуетін арттыратын алып күш деп санайды. Александр ақсақал – өз мамандығын тағдырының бір бөлшегіне айналдырған тұлғалардың бірі. Саналы ғұмырын теміржол саласының өркендеуіне арнап, жарты ғасырға жуық осы салада еңбек етті. Бүгінде деподағы ардагерлер кеңесі арқылы «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» жасауға жол бастап жүр. Газет бетіне шыққан теміржолшылардың өмірі, апаттың алдын алған теміржолшылар, соны жетістіктері туралы материалдарды жинау – Александр ақсақалдың хоббиі. Мұны жас күнінен әдетке айналдырған. Газет қиындылары сарғайса да қағаз бетіндегі тарих болып сақталып тұр.

«Менің коллекциям осы. 1980 жылдан бері осы газет қиындыларын жинаймын. Бәрі де теміржолшылар туралы. Бұл – тек естелік қана емес, қазақ теміржолының тарихы. Бұл жерде теміржолға ұзақ жыл еңбек етіп, қайтыс болып кеткен әріптестерім туралы естеліктер бар. Осы қиындыларды қарап отырып, теміржол саласының дамуын, теміржолшылардың маңдай тер еңбегін көруге болады», – дейді Александр ақсақал.

Қарт теміржолшы еңбек жолын 1958 жылы бастаған. Өмір бойы машинист болды. 1989 жылы «Құрметті теміржолшы» атанды. Қазір екі немересі Ақтөбе стан- циясында атасының жолын қуып, еңбек етеді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды