- Қызметкерлерді әлеуметтік қолдау «ҚТЖ» ҰК» АҚ саясаты басты басымдықтарының бірі болып табылады. Компания басшылығы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін барлық күш-жігерін салуда, - деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаменті директорының м.а. Ақмарал Байғабұлова.
ҚТЖ көп балалы теміржолшылар отбасыларына балаларын мектепке дайындауға көмектеседі
Оқуға 1 мин
«ҚТЖ» ҰК» АҚ 1500 көпбалалы отбасы 1 қыркүйекке дейін мектеп керек-жарақтарының қажетті жиынтығын алады, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚТЖ еріктілері екі күн бойы кеңсе керек-жарақтарының жиынтығын жинады. Осы аптада оларды желіге, алыс станциялар мен разъездерге алушыларына жібереді.
Оқу жылының басталуы қарсаңында қызметкерлер балаларына атаулы көмек көрсету «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның игі дәстүріне айналды. Компания «Балаларды мектепке жинаймыз» қайырымдылық акциясын үшінші жыл қатарынан Қазақстан, Ресей және Беларусь темір жолдары бірлескен «БКЛК ЕРА» АҚ кәсіпорнының қолдауымен өткізеді.