Атырауға екпе салдыру үшін баратын ауылдықтар тегін вагонмен қамтамасыз етілді

Әлеумет
24.08.2021, 12:00
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінде коронавирусқа қарсы екпе алуға ниеттілер саны аудандарда да көбейіп отыр. Осыған орай Атырау облысының әкімшілігі «Қазақстан темір жолы» АҚ Атырау жүк тасымалы бөлімшесімен бірлесіп ауыл тұрғындарына вакцинаны облыс орталығынан алу мүмкіндігін сыйлады. Осы мақсатта темір жол тарабы арнайы вагондар бөліп, жол бойындағы Қызылқоға және Мақат ауданының халқын тегін апарып-әкелуді өз мойнына алды. Екпе алушыларды Атырау темір жол вокзалынан арнайы автокөліктер күтіп алып, олардың бір бөлігі Атырау теміржол ауруханасының, екіншілері қалалық №7 емхананың екпе алу орындарына жіберілді.

– Аудандардан келіп, ерікті түрде екпе алып жатқандардың саны 50-ге жуықтайды. Олардың бір бөлігі вакцинаның екінші компонентін салдырып жатыр. Ауыл тұрғындарының бұлайша белсенділік танытуы бізді қуантып отыр. Себебі, індеттен құтылудың жалғыз жолы екпе алу екенін көпшілік түсіне бастағандай. Облыстық әкімшіліктің мұрындық болуымен ұйымдастырылған бұл шара алдағы уақытта Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерімен бірлесіп Құрманғазы және Исатай аудан дарының халқы үшін де ұйымдастырылатын болады, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев.

Басқарма басшысының айтуынша, қазір облысымызда ресейлік «Спутник V», Қытай елінде шығарылған «CoronaVac», «VeraCell» және отандық «QazVac» вакциналары салынуда. Қай түрін алатынын екпе алдырушы өзі таңдайды. Олардың ішінде теміржолшылар да аз емес.

– Менің жасым 61-де. Бүгін вакцина алуға бел байладым. Осыған дейін көп ойландым. Себебі, халық арасында екпе жөнінде түрлі қауесеттер жүрді. Қазір індеттің күннен-күнге өршіп бара жатқанын көзбен көріп отырмыз. Төңірегімізде ауырып жатқандар да бар. Сол себепті, «Сақтансаң – сақтаймын» дегендей, өздігімнен екпе алуды ұйғардым, – дейді Жантерек станциясының электромонтері Ерік Жұбанов.

Айта кетерлігі, пойызда екі вагон бар, Сағыздан Атырауға дейінгі жолдағы барлық станция, разъездерге тоқтап, вакцина алуға тілек білдіргендерді қалаға жеткізіп, кешке кейін алып келеді. Жолаушылар үшін жүру ақысы тегін. Пойыз екі араға осылай 10 күн бойына қатынайды. Сонымен қатар вакцина алғандарға сыйлықтар табысталады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті