Ақтөбеде Әскерилендірілген теміржол күзеті 75 балаға оқу құралдарын сыйлады

Әлеумет
31.08.2021, 09:39
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде Әскерилендірілген теміржол күзеті мекемесі жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке жол акциясын ұйымдастырды. Олар мекеме қызметкерлерінің 1 сы- ныпқа баратын балаларына оқу-құралдарын табыстады. Барлығы 75 балаға қағаз-қалам, түрлі түсті қарындаш сынды тиісті құралдар толтырылған аспалы-баулы әдемі сөмкелер сыйлап, сәтті қадам тілеген игілікті шара бүлдіршіндерді қатты қуантты. Олар байғазыларын бірі-біріне көрсетіп мақтанып, мәз болды. Республикалық «Мектепке жол» акциясы мекемеде жылда дәстүрлі түрде өтеді. Шара әдеттегідей аз қамтылған немесе көп балалы отбасы балаларына емес, мекеме қызметкерлерінің бірінші рет мектеп табалдырығын аттайтын барлық баланы бірдей қамтиды. Кәсіподақ ұйымы тарапынан оған арнайы қаржы бөлініп, бүлдіршіндердің мектепке қажетті керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз ету мақсат етіледі.

«Мекемеде талай жылдан бір отбасындай болып кеткен жандар еңбек етеді. Бала – елдің балашағы екенін ескерсек, білім күні – олардың жеке мерекелері. Жаңа оқу жылында әріптестеріміздің биыл бірінші сыныпқа баратын балаларына байғазы жасап, қуанттық. Ол үшін кәсіподақтан 487 500 теңге қаржы бөлінді. Жалпы бұл акция жылда дәстүрлі түрде осы тамыз айында өткізіліп тұрады», – дейді әскерилендірген күзет мекемесінің кәсіподақ төрағасы Әділхан Аймағамбетов.

Елдегі пандемияға байланысты оқу жүйесі бір жылдан аса уақыт онлайн өткендіктен ата-аналар биыл оқу оффлайн жүйеге көшіп, балалардың партаға отыратын күнін асыға күтіп жүр.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды