«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы - атыраулық теміржолшылар әулеті

Әлеумет
14.09.2021, 11:08
Қазақстанда 2013 жылдан бері қыркүйектің екінші жексенбісі Отбасы күні ретінде аталып өтеді. Мақсат – отбасы институтын дамыту мен оның құндылықтарын насихаттау. Осыған орай үлгілі отбасылардың беделін арттырып, құрмет көрсететін «Мерейлі отбасы» республикалық байқауын өткізу дәстүрге айналған. Атыраулық теміржолшылар отбасы биылғы байқаудың жеңімпазы атанды. Құрметті теміржолшы Құрманбек Кенжешов Исатай ауданында тұрады. Жол дистанциясында 44 жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан ардагердің өмірлік жары Гүлден Мұхамеджанова да теміржолда еңбек еткен. «1971 жылы әскерден оралған соң теміржолға жұмысқа кірдім. Ганюшкиндегі жол дистанциясында қатардағы жол жөндеуші болып екі жыл еңбек еткен соң басшылар Жамбыл қаласына 11 айлық курсқа жіберіп, білімімді көтеріп келдім. Содан зейнетке шыққанша тынбай тер төгіп, осы саланың отымен кіріп, күлімен шықтық қой, шүкір, абыройсыз болмадық, Құрметті теміржолшы атандым», – дейді отағасы Құрманбек Кенжешов. 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсірген ерлі- зайыпты теміржолшылар – бүгінде жиырмаға жуық немере-шөберенің ата-әжесі атанып отырған берекелі де мерекелі үлкен шаңырақ иелері.
«Қайын атам соғысқа қатысқан кісі еді. Тұңғыш немересі өмірге келгенде, қуанышында шек болмады. Ал енеміз мені қызындай көрді, білмегенімді үйретті, ақыл-кеңесін берді. Екеуі де «қайырымды, қарапайым болыңдар, бірлік бар жерде бәрі болады» деп отыратын. Осының бәрі өнеге екен ғой. Қазір мен де келіндерімді қызымдай көремін, енемнен көргенімді жасаймын, айтқанын қайталаймын. Бір үйде екі бала-келінмен бірге тұрамыз», – дейді Гүлден Мұхамеджанова.
Ерлі-зайыпты теміржолшылардың балалары әр салада жұмыс істейді. Әке-шешесінің еңбек жолын ұлдары Асылбек жалғаған. «Теміржолда 2006 жылдан бері вагон қараушы болып жұмыс істеймін. Бұл саланы таңдауыма әке-шешемнің ықпалы болған шығар. Олардың абыройлы еңбек жолын жалғастыру – парызым», – дейді ұлы Асылбек. Байқауға қатысуға ауылдық округ басшылығы ұсыныс білдірген. Сөйтіп олар аудандағы 8 отбасының арасынан үздік шығып, облыс көлемінде 50 отбасы арасында бақ сынады. Байқауға отбасы туралы деректер мен арнайы түсірілген видео жіберілген. Ақыры өңірден үздік шығып, республикалық байқауға жолдама алған. Биыл онлайн түрде өткен байқаудың ерекшелігі – 17 облыстан қатысқан 17 отбасының бәрі лауреат атанып, бірдей деңгейде бағаланған. Олардың бәрі 10 қыркүйекте Президент әкімшілігі хатшылығымен онлайн түрде тікелей эфирге қосылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі сол кезде өткізілген. Барлық отбасылар ҚР Президенті атынан Дипломға және бағалы сыйлықтарға ие болған.
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды