«Өмірімнің құр босқа өтпегеніне қуанамын. Шама-шарқымша жұртқа пайдалы іс тындыруға тырыстым. Кез келген адамның өмірінде жақсы да, жаман да болады. Қиындықтары мен қызықты, қуанышты сәттері ауысып келіп отырады. Өткенге өкінудің еш қажеті жоқ, оны түзету мүмкін емес. Ең бастысы, өкінбейтіндей өмір сүре білуің керек» деп ардагердің өзі айтқандай, жарты ғасырға жуық жемісті еңбек жолы босқа өтпегені халқының оған деген құрметінде жатыр.Мерейтой иесінің құрметіне Алматыдағы логистика және көлік академиясында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Сонымен қатар, мыңдаған теміржолшыларды ұшырған оқу орны ғимаратының қабырғасында Есенғариннің муралы пайда болмақ. Қазақстан темір жолының өткені мен бүгінгі даму үдерісі, тасымал және транзиттік мүмкіндігі, даму болашағы жайлы том-том еңбектері студенттердің оқу құралына айналған ғылым докторына бұл лайықты құрмет болса керек.
Алматыда Нығметжан Есенғаринге арналған мурал салынып жатыр
Оқуға 1 мин
Алматыда көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, саналы ғұмырын туған елінің игілігіне қызмет етуге жұмсаған экономика ғылымдарының докторы, құрметті теміржолшы Нығметжан Есенғариннің муралы пайда болмақ, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Сексен жасқа толып отырған ел ағасының «Өткенді құрметте, бүгінді жаса, болашаққа көз сал» деген қанатты сөзі оның өмірлік кредосына айналған ұстанымы болды.