Ақтөбе теміржолшылары оншақты қарияның шаңырағына барып, азық-түлік таратты

Әлеумет
06.10.2021, 10:51
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары мерекеде он шақты қарияның шаңырағына барды, соның ішінде жалғызілікті қариялар назардан тыс қалмады. Қарт теміржолшыларға мерекелік сыйлықтар мен гүл шоқтары, азық- түлік себеттері таратылды. Бөлімшенің кәсіподақ төрағасы Айша Қалағанова, Оралда қарттар үйінде тұрып жатқан теміржолшы қарияны сол қаланың вокзал ұжымы құттықтап барғанын жеткізді. Ал Ақтөбе бөлімшесіне қарасты Бершүгір жол дистанциясының ұжымы «Қарттарым – асыл қазынам» мерекелік шарасын өткізіп, теміржолшы қарияларға арнап дастархан жайды.

«Ауылымызда теміржол саласында еңбек етіп, еліміздің дамуы жолында, ел игілігі үшін елеулі жұмыс атқарған ардагерлеріміз аз емес. Біз оларды әрдайым жоғары бағалаймыз. Қарттарымыз аман болсын», – дейді Бершүгір жол дистанциясының көпір шебері Есенғали Құдайберген.

Айтулы шараға жиылған қонақтар жылына бір келетін мерекедегі қамқорлыққа дән риза болып, екі жылдан бері әлем халқын үреймен ұстап келе жатқан пандемияның артта қалуын тіледі. Жол дистанциясы қызметкерлері шара соңында мереке иелеріне сый-сияпаттар табыстады. Бұл күні Ақтөбе локомотив депосының кадр бөлімінің менеджері Талғат Көшербаев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Алпысбаев қарттар үйінде көңілі жабырқаулы отырған әріптесі Светлана Беспертыхқа барып, «тосынсый» жасады. 80 жасқа қараған Светлана әжей ұзақ жыл Ақтөбе локомотив пайдалану депосының кадр маманы қызметінде болды. Әріптестерінің алдында сыйлы болған қарт теміржолшыға депо қызметкерлері осылайша құрмет көрсетіп, ұзақ әңгімелесіп, жеміс-жидек себетін тарту етті.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды