Бас мүфти атыраулық теміржолшылармен кездесу өткізді

Әлеумет
18.10.2021, 08:56
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жақында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған топ Атырау магистральдық желі бөлімшесінде болып, темір жол саласы еңбеккерлерімен кездесті. Діни тәрбие – бүгінде ерекше көңіл бөлуді қажет ететін қоғамның бір саласы. Өйткені жат ағымдар жастарды өздеріне тартып, дәстүрлі діннен алшақтатып жүр. Оның алдын алып, жастарымыздың діни сауатын арттыру үшін үгіт-насихат жұмыстары керек-ақ. Осы мақсатта, ұжым мүшелерімен кездескен Бас мүфти еліміздегі бүгінгі діни ахуал туралы қысқаша тоқталып, «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты жаңа кітаппен таныстырды. Наурызбай қажы жастарды адасып, жат ағымның жетегінде кетпеуге, діни сауаттылықтарын арттыруға шақырды. Өз кезегінде еңбек ардагері, көп жылдар бөлімшеде басшылық қызметте болған Н.Есенов қонақтарды Атырау теміржолының тарихымен таныстырып, үш Социалистік Еңбек Ері шыққан өңір теміржолшылары- ның өткен және бүгінгі жасампаз істері туралы баяндады. Кездесу соңында Бас мүфти жаңа кітаптың бірнеше данасын теміржолшыларға тарту етіп, бөлімше басшысы Е.Сапаровқа діни басқарма атынан Алғыс хат табыстады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті