Астанада өткен марафонда теміржолшылар жеңіс тұғырынан көрінді

Спорт
03.06.2024, 12:11
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен сенбіде «Самұрық-Қазына» Қоры Астанада Charity Samruk Marathon 2024 қайырымдылық марафонын өткізді. Оған қордың өзге де барлық портфельді компанияларымен қатар ҚТЖ-ның 20-дан астам қызметкері қатысты. Солардың арасынан 4 адам топ жарды.  

Спорттық іс-шара елордадағы Триатлон саябағында 5 км, 10 км және 10 км қашықтықта эстафета бойынша өтті. Қызметкерлердің балаларына арналған қашықтық 400 және 1000 метрді құрады. Марафонға тіркеу жарналарынан түскен барлық қаражат әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асыруға бағытталды. Жарыста 10 км қашықтыққа жүгіруден 30-39 жас аралығындағы қатысушылар бойынша бірінші орын алған 30 жастағы жол монтері Еркебұлан Ахмадиев Семей жол дистанциясында 3 жылдан бері еңбек етеді. Бұл қашықтықта барлығы 400-дей адам жүгірді. 

 

– Спортпен, соның ішінде жүгірумен 2016 жылдан бері айналысамын. Аптасына 10-12 рет жүгіріп жаттығу жасаймын. Бір ұлым бар, оны да спортқа баулып жүрмін. Жұмысымыз сол – рельс, шпал ауыстыру, жол күтімін жасау. Қолымыздан лом мен балға түспейді. Бастысы – теміржолда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды міндет. Сондай-ақ компания намысын қорғап осындай спорттық жарыстардан да қалмауға тырысамын, бұл – мен үшін үлкен мақтаныш, – дейді жеңімпаз жолшы.  

Осы қашықтықта 40-49 жас аралығында бірінші орынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС департамент бас менеджері Динара Шаймерденова алды. Оған қоса теміржолшылар арасынан ҚТЖ Жол диагностикалау орталығы менеджері Расұлан Қуанышқан 5 км қашықтыққа жүгіріп, бірінші орын иегері болса, осы қашықтықта үшінші орынды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС департамент бас менеджері Гүлмира Сапарғалиева иеленді. Марафонның ашылу салтанатында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов марафон қатысушыларының қандай маңызды іске үлес қосқанын жеткізді.  

– Қайырымдылық – қор жұмысының маңызды бағыттарының бірі. Мысалы, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге біз 22 млрд теңгеден астам қаржы бөлдік. Оның ішінде 10 млрд теңгені «ҚазМұнайГаз» АҚ, 3 млрд теңгені «Қазатомпром» АҚ, 3 млрд теңгені «ҚТЖ» ҰК» АҚ, 2 млрд теңгені «Самұрық-Қазына» АҚ және басқалары бөлді. Сол сияқты су тасқынынан қиын жағдайға түсіп қалғандарға бірқатар компаниялар арқылы теміржолмен, әуе жолымен, автожолымен тегін тасымалдау қызметін көрсеттік. Сол сияқты бүгінгі марафоннан түскен қаражатты да біз инклюзия бағытына пайдаланамыз. Астананың мектептерінде арнайы инклюзия сыныптарын ашамыз. Осы марафон арқылы 125 млн теңгеден астам қаражат жинадық. Сондықтан аталған іске осындай үлкен қосып жатқан  барлық қатысушыларға көп рахмет, – деді ол.  

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес