Бірінші тоқсанда 65 млн тоннаға жуық жүк тасымалданды

Жүк тасымалы
19.04.2022, 08:56
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биылғы жылды да табысты тәмамдаудың барлық алғышарты бар дей аламыз. «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісіндегі жүк тасымалы көлемі, яғни алғашқы үш айдың қорытындысы осыған дәлел. Бірінші тоқсанда 64,4 млн тонна жүк тасымалданып, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% артқан, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Республикаішілік тасымалдар 41,4 млн тоннаға ұлғайып, 5% өскен, ал экспорттың 22,9 млн тоннаға өсіп, былтырғыдан 6% артқаны байқалады.
Таратып айтсақ, биылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында 29,5 млн тонна тас көмір тасымалданып, оның көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8% жоғары болып отыр. Оның ішінде қазақстандық тұтынушыларға 20,5 млн тонна қатты отын жеткізілген екен, бұл көрсеткіш 2021 жылғы деңгейден 2% көп.

Сондай-ақ 2,6 млн тонна астық тасымалданып, өсім 17% құрады. Химиялық тыңайтқыштар тасымалы 8% (1 млн тоннаға жуық), құрылыс жүктері 4% ( 2,3 млн тоннаға дейін) өсті. Сонымен қатар 4,3 млн тонна мұнай жүктері, 5,8 млн тонна темір және марганец кені, 5,4 млн тонна түрлі-түсті кен, шамамен 1 млн тонна қара металл тасымалданған.

Тек наурыз айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жүк тасымалдау көлемі 22,4 млн тоннаны құрап, ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 6% артық шыққан. Республикаішілік тасымалдар 8% өсіп, 14,4 млн тоннаға дейін ұлғайды. Экспорт өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 2%-ке, яғни 8 млн тоннаға артқан. Барлығы 9,8 млн тонна көмір тиеліп, оның 6,8 млн тоннасы ел ішіне таратылған. Астық тиеу 25% өсіп, 974 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар химиялық тыңайтқыштар тасымалы 18%, құрылыс жүктері 20% дейін өскен. Сондай-ақ, қара металдың 372 мың тоннасы, мұнай жүктерінің 1,5 млн тоннасы, темір және марганец кенінің 2 млн тоннасы және түрлі-түсті кеннің 1,8 млн тоннасы тиеліпті. Демек, алғашқы тоқсан табысты қорытындыланды деп, келер күнге болжам жасауға болады.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты