Осы жылдың қараша айында ҚТЖ қалпына келтіру пойыздары қызметіне 90 жыл толады. Бүгінде еліміздің магистральдық желісінде 38 мамандандырылған құрылым тұрақты дайындықта тұр, онда 940 астам маман жұмыс істейді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Негізгі шығулардан басқа, бөлімшелер инфрақұрылымды жоспарлы жаңартуға қатысады: 2026 жылдың 9 айында қалпына келтіру пойыздарының күшімен жол дистанциясы қызметкерлерімен бірлесіп ҚТЖ желісінде 750 астам бағыттамалы бұрма салынды.
Астана станциясында қалпына келтіру пойызының қызметкерлері тактикалық жаттығулар өткізді. Жаттығу сценариі бойынша вагон рельстен шығып кетті. Регламент бойынша бұйрықты алғаннан кейін қалпына келтіру пойызы 40 минут ішінде оқиға орнына жөнелтілуі керек.
Теміржолшылар рельстен шығуды жоюдың барлық кезеңдерін жедел шеше білді. Оқу-жаттығу сәтті аяқталды. Қойылған міндеттер орындалды, теміржолшылар үйлесімді жұмыс, кәсібилік және түрлі жағдайларға дайын екендіктерін көрсетті.

Елордалық қалпына келтіру пойызы жалпы ұзындығы 565 км болатын төрт: Астана – Ақкөл (105 км), Астана – Ерейментау (140 км), Астана – Анар (90 км) және Астана – Атбасар (230 км) бағытына қызмет көрсетеді. Бөлімше штатында 37 адам: кран және бульдозер машинистері, матаушылар, гидропневматика және көтеру жабдықтары бойынша шеберлер, кезекші жолсеріктер жұмыс істейді.

Құрамды жарақтандыруға КЖ-1572 (150 тонналық жүк көтергіштігі) және ЕДК-300/2 (60 тонна) теміржол крандары, Т-330, Т-3501, «Комацу» бульдозерлері, вагон-электр станциясы, бригадаларға арналған вагондар, вагон-асхана, сондай-ақ көтергіш, такелаждық, кабельдік жабдықтары бар вагондар және вагон-гараж кіреді.

Мереке құрметіне үздік қызметкерлер көп жылғы адал еңбегі үшін мерейтойлық медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталды. Марапатталғандар қатарында бульдозер машинистері Қасен Балабиев пен Иван Аринчехин, жүктерді және арнайы вагондарды сүйемелдеу бойынша жолсеріктер Әсем Әубәкірова, Гаухар Абдрахманова, Галина Попелшева және басқа да мамандар бар. Олардың көпшілігі кәсіпорынның мақтанышы. Олардың көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар, өздерінің еңбек міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.

Анықтама: қалпына келтіру пойыздары қызметінің ресми тарихы 1936 жылы 11 қарашада, байланыс жолдары жөніндегі халық комиссариаты «Қалпына келтіру пойыздарының жұмысын қайта құру туралы» № 168ц бұйрық шығарып, оларды дербес бөлімшелерге бөлген кезде басталды.