Он бір айда 230 млн тонна жүк тиелді

Жүк тасымалы
20.12.2022, 09:50
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың он бір айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 230 млн тонна жүк тиелді. Оның 154 млн тонна жүгі республика ішіне жөнелтіліп, бұл көрсеткіш өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2,7 млн тоннаға артық шыққан. Ал экспортталғаны – 77,8 млн тонна.

Жүк тиелімінің басым бөлігін, яғни 97,7 млн тоннасын көмір тиелімі құрап отыр. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2,1 млн тоннаға жоғары болып отыр. Осы ретте қатты отынның 67,6 млн тоннасы республика ішіне таратылса, экспортқа жөнелтілгені 30 млн тонна шамасында. Осы арада қазақстандық қатты отынға шетелдіктер тарапынан сұраныстың 5,2% артқаны байқалып отыр.  

Астық тасымалына келсек, оның тиелімі 8,7 млн тоннаны құрап, өткен жыл көрсеткішінен 9% артқан. Ал экспорттық тасымал көлемінің 2021 жылға қарағанда 15% немесе 6,9 млн тоннаны құрағанын атар едік. Тартылған астық тиелімінің де жалпы көлемі 26% артып, 2,7 млн тоннаны құрағанын, соның ішінде экспорттың 53% дейін өскені белгілі болып отыр. Осыдан-ақ, әлеуметтік басымдықтағы жүктер тиелімінің биыл жыл басынан бері артқаны байқалып отыр.  

2022 жылдың 11 айында 17,7 млн тонна темір кені және 4,1 млн тонна қара металл тасымалданған. Биыл түсті кен мен күкірт шикізаты тиелімінің де 2% артып, 20 млн тонна шамасын, мұнай жүктерінің 6,2% өсіп, 17 млн тонна шамасын құрағаны белгілі болып отыр. Өсім көрсеткіші химиялық тыңайтқыштар мен құрылыс жүктері тиелімінде де байқалып отыр. Жалпы қаңтар-қараша аралығында желі бойынша пайдаланымдағы жүк айналымы 6% артып, 230,3 млрд т-км неттоны құраған.  

Осы жылдың он бір айындағы жолаушылар тасымалына келсек, бұл бағытта да оң динамика байқалып отыр. Жыл басынан бері 13 млн шамасында жолаушы тасымалданып, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 23% артқан.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға