Қазақстан-Қытай: логистикалық жобаларға тың серпін

Жүк тасымалы
03.03.2023, 09:18
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 28 ақпанында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев жетекшілік еткен делегацияның Қытай Халық Республикасына ресми сапары басталды. Қазақстандық делегация Қытайдың бірнеше теміржол компаниялары өкілдерімен кездесті.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Қытай темір жолдары» МК басшылығының кездесуі алдымен Бейжің қаласында өтті. «Қытай темір жолдары» МК-ның басшысы Лю Чжэньфан, пандемиядан кейін Қытай тарапы қабылдап отырған алғашқы әкімшілік «Қазақстан темір жолы» делегациясы екенін атап өтті.  

Кездесуде мәлім болғандай, екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі оң қарқын алып отыр. Мәселен, 2022 жылы жүк тасымалы 23 млн тоннаны құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 15%-ке артып, тарихи жоғары деңгейінен асып түскен.  

Талқылау барысында Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелері жан-жақты сөз болды. Әсіресе ҚХР-дан келетін импорт мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Тараптар талқылаған маңызды мәселелер қатарында Достық – Мойынты учаскесін жаңғырту және Бақты – Тачэн учаскесінде үшінші теміржол шекара өткелін салу жобаларына баса назар аударылды.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының Қытайға ресми сапары одан әрі Сиань қаласында жалғасты. Онда қала мэрі Ли Миньюан мырза бастаған Сиань қаласы әкімшілігі өкілдерімен кездесуде көлік бағдарлары мен инфрақұрылымды дамыту сөз болды. Сиань қаласы Қытайдың ең ірі көлік-логистикалық хабы саналады. Оның аумағында «Сиань халықаралық сауда-логистикалық паркі» құрғақ порты орналасқан. Осы құрғақ портқа жүктердің 40%-ы Қазақстаннан келеді. Сондай-ақ мұнда ҚХР – ЕО бағдарына жөнелтілетін контейнерлік пойыздардың жалпы көлеміндегі контейнерлердің 30%-і құрастырылады.  

Кездесу қорытындысы бойынша келісімге қол қойылып, аталған маңызды құжат негізінде Қытай жағы қазақ теміржолшыларына Сиань қаласындағы Құрғақ порт аумағында терминал салу үшін 8 гектар жер телімін беретін болды. Сиань қаласының әкімдігі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға жаңа логистикалық жобаны іске асыру бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.  

Ал 2 наурыз күні «Қазақстан темір жолы» мен «Үрімші темір жолы» компанияларының басшылары кездесті. Онда 2022 жылдың жұмысы қорытындыланып, 2023 жылға арналған жүк тасымалы көлемін арттыру жоспары талқыланды. Бұл басқосуда да Бақты – Аягөз теміржол желісін салу және Достық – Мойынты телімін жаңғырту мәселелері сөз болды.  

Өз кезегінде қытай теміржолшылары Цзиньхе-Алашанькоу телімінде екінші жолдар құрылысы басталғанын хабарлады және Бақты – Тачэн телімінде үшінші теміржол шекаралық өткелінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға қолдау білдіруге дайын екендіктерін жеткізді. Тараптар Үрімші қаласында қазақстандық терминалды құру мүмкіндігін қарастырып, тоқсан сайын кездесіп тұруға уағдаласты.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты