Қазақстан-Қытай: ынтымақтастық көкжиегі кеңеюде

Жүк тасымалы
26.05.2023, 10:48
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қытай Халық Республикасы – Қазақстанның ірі сауда және стратегиялық серіктестерінің бірі. Сондықтан екі ел арасындағы ынтымақтастықты терең дамытуға айрықша мән беріліп отыр. Жақында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары аясында Сиань құрғақ портында қазақстандық логистикалық орталық құрылысының онлайн іске қосу рәсіміне қатысқаны белгілі.

Ал бұл құрылыс жобасының Қазақстан үшін қандай пайдасы бар? Екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында қандай шаруалар атқарылып жатыр деген сауалды тиісті мамандарға қойған едік.  

– Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк айналымының жыл сайынғы өсімі және дәстүрлі логистикалық тізбектерді түбегейлі қайта құру жағдайында осы жобаны іске асыру, сондай-ақ тұтастай алғанда инфрақұрылымдық қуаттарды дамыту – бүгінгі уақыт талабы. Сиань қаласындағы жаңа жүк терминалы Қытайдың негізгі жүк құраушы өңіріндегі маңызды логистикалық хабқа айналатынына және елдің барлық өңірлерінен, негізгі халықаралық маршруттардан жүктерді шоғырландыруға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бұл өз кезегінде жүктерді жеткізу мерзімін едәуір қысқартып, көліктік-логистикалық қызметтерді соңғы нүктеге дейін жеткізуді ұсынып, транзиттік-көліктік әлеуетке және сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға қосымша серпін береді. Қазақстанға да жүк тасымалын дамыту үшін қосымша инфрақұрылым қажет. Сондықтан қытайлық әріптестерімен бірге Сиань құрғақ портында логистикалық орталық салуды көздеп отыр. Бұл хаб Шэньси аймағын Қазақстанмен, Орталық Азиямен байланыстырады. Одан әрі Еуропаға, Түркияға, Иранға жол ашады. Келесі жылдан бастап электронды және компьютерлік бөлшектерді, автомобильдер мен автокомпоненттерді, тоқыма, киім-кешек, аяқ киім мен керек-жарақтарды, азық-түлік және ауылшаруашылық өнімдерін, құрылыс бұйымдары мен құрылыс материалдарын, сондай-ақ руда, металдарды және химиялық өнімдерді құрғақ порт арқылы тасымалдау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда біз жобалау алдындағы жұмыстарды жүргізіп жатырмыз және терминалды ағымдағы жылдың соңында пайдалануға беру көзделуде, – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Бейжің қаласындағы ҚХР мен Шығыс Оңтүстік Азия мемлекеттеріндегі өкілдік жетекшісі Ерік Әубәкіров.

Оның айтуынша, бұл екі елдің ынтымақтастық бағытындағы бірінші жоба емес. Бұған дейін Ляньюньган портында ашылған қазақстандық-қытайлық логистикалық орталығы, «Қорғас – Шығыс қақпасы» құрғақ порты жұмыс істеп, жаңа темір жол бағыттары ашылды, ал Каспий теңізінде заманауи инфрақұрылым құрылды.  

Ал «Кедентранссервис» АҚ бас директорының орынбасары Қалмұхан Тапалов, Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып жатқанын нақты сандармен жеткізді. Мәселен, екі ел арасындағы жүк тасымалы 2022 жылы рекордтық көрсеткішке жетіп, 23 млн тоннаны құраса, 2023 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 пайызға артып, 6,5 миллион тоннаны құраған. Ал Қытайдан жүк қабылдау 7 пайызға артып, 2,6 миллион тоннаға жетіп жығылыпты. Қытайға жүк жөнелту де 56%-ға немесе 3,8 млн тоннаға дейін өсті. Алтынкөл станциясы арқылы жүк тапсыру үш есе, яғни 1,2 миллион тоннаға дейін, қабылдау – 4 пайызға, 1,5 миллион тоннаға дейін артып отыр. Экспортқа көбінесе минералды өнімдер, металдар және химия өнеркәсібінің өнімдері шығарылып жатса, Қытай тарапынан машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппаратуралар, химия өнімдері, металдар және олардан жасалған бұйымдар импортталуда.  

Мамандар сөзіне сүйенсек, отандық өнімді экспорттық тасымалды дамытуға Достық – Мойынты учаскесінде салынып жатқан екінші жол құрылысы да оң ықпал етпек. Құрылыс біткенде аталған телімнің өткізу қабілеті 5 есеге артады. Сондай-ақ үшінші Бақты өткізу бекетінің ашылуымен Бақты – Аягөз теміржол желісін салу жобасы жүзеге асырылуда, бұл да Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін жылына тағы 20 миллион тонна жүкке ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға