Ақтау портында контейнерлік хаб салынады

Жүк тасымалы
30.06.2023, 09:30
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Маңғыстау түбегіндегі Ақтау портының соңғы жылдары қызмет қарқыны артып отыр. Порт Транскаспийлік халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданатын жүкті теңіз арқылы сыртқы елдерге шығаруда маңызды рөл атқаруда. Соған орай порттан тиеліп жөнелтілетін жүк көлемі де артқан.

Бүгінгі таңда Ақтау портында инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асырумен байланысты порттың өткізу қабілетін кеңейтуге қатысты шаруалар легі жүзеге асырылуда. Солардың бастапқысы – порт базасында контейнерлік хаб құрылысын салу. Бұл құрылыс «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы, Ақтау және Құрық порттары базасында «контейнерлік хаб» құру және жүк тасымалының бағытын Ақтау және Құрық порттарына өзгерту жөніндегі жұмыс жоспары сияқты мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес Ақтау порты негізінде контейнерлік хаб құру бойынша шаралар шегінде жүзеге асырылуда.  

Хабтың салынуы теңіз контейнерлерін кері тиеуді қамтамасыз ету есебінен жүктерді теміржол вагонынан контейнерлерге қайта тиеу алаңын, халықаралық жүк тасымалдау желілерінің контейнерлерін тарту және сақтау орындарын құру арқылы осы мәселелердің бір бөлігін шешетін болады. Сайып келгенде, мұның бәрі клиенттерге өз жүгін портқа дейін автокөлікпен де, теміржол жылжымалы құрамымен де жеткізіп, одан әрі жүктерді контейнерлермен жөнелту үшін қолайлы жағдай тудырмақ. Сонымен қатар контейнер хабында контейнерлерді (VGM) өлшеу, сертификаттау, жөндеу, сақтау сияқты қосымша сервистер көрсетілетін болады.  

Биыл «Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жоспарлануда. Жоба әлеуетті инвестормен бірлескен кәсіпорын форматында жүзеге асырылады деп күтілуде. Жоба 2025 жылы іске аспақ.  

Келесі іс-шара, Ақтау портының №12 айлағын №3 айлақты ұзарта отырып, қайта құрылымдау. Бұл іс-шара контейнерлік жүктерді өңдеуге арналған контейнерлік хабтың жобалық қуатына қол жеткізу, сондай-ақ сусымалы және жалпы жүктерді ауыстырып тиеу үшін айлақтың өткізу қабілетін арттыру мақсатында қажет. Осы ретте контейнерлерді өңдеу үшін №1 және №2 құрғақ жүк айлақтары толығымен пайдаланылмақ. Ал жоғарыда көрсетілген шаруа атқарылғанда, ол №1 және №2 айлақтар арқылы контейнерлік жүктерді бір мезгілде ауыстырып тиеуге және қайта құрылымдаудан өткен №3 және №12 айлақтар арқылы жалпы жүктердің басқа түрлерін ауыстырып тиеуге мүмкіндік бермек. Бұл жоба қарыз қаражаты есебінен жүзеге аспақ. Биыл «Ақтау портының №12 айлағын №3 айлақты ұзарту арқылы қайта жаңарту» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, жоба 2023- 2025 жылдар аралығында іске асырылады деп күтілуде.  

Айта кетейік, өткен жылы Ақтау порты арқылы 3 млн 818 мың тонна жүк, оның ішінде 2462 мың тонна мұнай, 447 мың тонна астық, 119 мың тонна металл, 786 мың тонна түрлі жүктер, соның ішінде 30 708 мың ЖФЭ және 4 мың тонна паром тиеліп жөнелтілген. Контейнерлік жүктерге келсек, жалпы контейнерлер көлемінің 33%- ы, яғни 10 056 ЖФЭ экспортқа шығарылса, транзиттік 11 853 ЖФЭ жалпы контейнерлер көлемінің 39%-ын құраған. Ал пароммен экспортталған 150 ЖФЭ жалпы контейнерлер көлемінің 0,4%-ын құрап отыр.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты