Алты айда жүктің сақталмауынан компанияға 16,6 млн теңге шығын келтірілген

Жүк тасымалы
21.08.2023, 12:48
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Орталық кеңсесінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, Магистральдық  желі дирекциясы, «КДТС», «ӘТЖК» мекемелерінің басшылары, өңірлік жол бөлімшелері жетекшілері мен Көліктегі полиция департаменті өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.  

Онлайн және офлайн форматта өткен кеңесте 2023-2024 жылдары теміржол көлігі нысандарында тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Жиынға жетекшілік еткен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС директорының м.а. Марлен Көкірекбаев осы жылдың бірінші жартыжылдығында тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарының қорытындысына тоқтала отырып, алты айда Ұлттық компанияға жүктің сақталмауынан 16,6 млн теңге көлемінде шығын келгенін атап өтті. Қытай темір жолдары тарапынан жүкті қабылдамай қою салдарынан Ақмола, Қарағанды жол бөлімшелері аумағында тастанды пойыздардан бидайдың тоналуына жол берілген. Алты ай ішінде жол үстінде жүктің ұрлануының 13 оқиғасы, 28 жоғалту, ЗПУ-ға (пломбалау арқылы құлыптау құрылғысына) зиян келтіру фактілері тіркелген. Осылайша, барлығы 41 оқиғаны құраса, былтыр осы уақытта 55 факті тіркеліп, жағымсыз жайттар көрсеткіші 14 оқиғаға азайды дегенмен, қанағат ететін жағдай емес.  

Марлен Көкірекбаев пломбалау арқылы құлыптау құрылғысын ашып, жүкті ұрлау оқиғасының жиі орын алатынын атап өтті. Мәселен, осы жылдың басында Нұр-Сұлтан станциясында 4 контейнерден ЗПУ  бұзылғаны анықталған.  

«Стойленская – Бекабадқа жөнелтілген жол үстіндегі вагондардан «темір рудалы брикет» жүктерін ұрлау тоқтамай отыр.  Арыс станциясындағы ЖПБ ақпаратына сәйкес, 3 көлік тоқтатылып, олардың салондарынан «темір кен брикеттері» табылған. Шымкент бөлімшесінде брикеттердің ұрлануы бірнеше рет орын алып отыр. 2021 жылы 316 тонна брикет вагоннан ұрланып, 2022 жылы ұрылар ұсталып, сотталды, олардан бар-жоғы 14 тонна брикет табылды. Жүкті қабылдаушы Бекабад металлургия комбинаты 63,4 млн теңгеге шағым жасады. ҚТЖ-ЖТ мамандары тасымалдаушының мүліктік мүдделерін қорғау үшін сот процесіне қатысуда, алайда, шығынды ҚТЖ-ЖТ-дан өндіріп алу мүмкіндігі жоғары болып отыр», – дей келе ҚТЖ-ЖТ өкілі, жол үстінде вагондардан ұрланатын ұрлық-қарлыққа теміржол көлігінің кейбір қызметкерлерінің де қатысы бар екенін атап өтті.  

Оның айтуынша,  2023-2024 жылдарға арналған «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның теміржол көлігі нысандарында тасымалданатын жүктердің, вагондар паркінің және тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған, Көліктегі полиция департаментімен, ВЖДО-мен бірлескен іс-шаралардың Кешенді жоспары бекітілген. Кешенді жоспар аясында Жүк тасымалы бөлімшелерінде жүктердің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды үйлестіретін профилактикалық кеңестердің қызметі ұйымдастырылған. Сонымен, кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде «ҚХР-Еуропа-ҚХР бағыты бойынша контейнерлік пойыздардағы жүктердің қауіпсіздігі, Достық-экспорт, Алтынкөл-экспорт шекаралық өткелдерінде ауыстырып тиеу сапасы, сондай-ақ «Отандық көмірді тасымалдауға қабылдау кезінде тиеуді сапалық тексеру» айлықтары өткізілген.  

Жиында Көліктегі полиция, Әскерилендірілген теміржол күзеті өкілдері де сөз алып, мекемелер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.  

 «Қабылданған шараларға қарамастан, жүктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру барысында бірқатар проблемалық мәселелер туындап отыр. Егер 15 тамыздағы жағдайды алып қарайтын болсақ, жылжымалы құрамнан жүктің ұрлануына қатысты 37 факті тіркелді. Осы ретте жүк көп ұрланған бөлімшелердің көшбасын Тараз, Алматы, Қарағанды, Астана станциялары құрап отыр. Сондай-ақ шұғыл шешуді талап ететін өзекті мәселелердің бірі бағалы жүктерге міндетті түрде ілеспе күзет қажет, бүгінгі күнге дейін құнды жүктердің тек 50% ғана физикалық сүйемелдеумен қамтылған. Көп жағдайда жедел-маневрлік нысаны қолданылуда. Яғни, вагондарды сүйемелдеу – станциядан ақпаратты станциядан станцияға телефон арқылы берумен шектеліп отыр», – дейді полиция майоры Қ.Әлімбергенов. Ол да көптеген ұрлыққа теміржолшылардың, тіпті ӘТЖК қызметкерлерінің де қатысы бар екенін жоққа шығармады.  

Жиын соңында кеңеске қатысушылар ортаға салынған өзекті мәселелер бойынша жұмыс жасап, тасымалданатын жүктердің сақталымын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыстарды одан ары қарай жалғастыруға уағдаласты. Тасымалдағы жүк теміржолшыларға тапсырылған аманат, оған қиянат жасауға жол беру компания беделіне нұқсан келтіретін фактор болмақ. Сондықтан құрылымдар күш біріктіріп, келеңсіз құбылыстың жолын кесу қажет деген тоқтамаға келді.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты