Логистикалық компаниялармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды

Жүк тасымалы
05.09.2023, 10:25
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Мемлекет басшысының «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын көліктік-логистикалық компанияға айналдыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Жол картасы әзірленіп, бекітілді.  

Құжатта бірнеше бағыттағы іс-шаралар жүйеленген. Олар компания құрылымындағы өзгерістерге, цифрландыруға, жаңа өнімдер мен қызметтерді қалыптастыруға және компанияның қатысу географиясын кеңейтуге қатысты болып отыр.  

Стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін Компаниядағы логистикалық блок күшейтіліп, көлік логистикасының құзыретті орталығы мен мультимодальды тасымалдау департаменті құрылды. Олардың негізінде темір жол әкімшіліктерімен және ірі халықаралық көлік-логистикалық компаниялармен келіссөздер сәтті жүргізілді. Логистикалық компаниялармен (ADP, DB, Shandong Port Group) ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.  

Қазір Қазақстанда сауда тораптарын құру мәселелері пысықталуда. Сондай-ақ жаңа құзырет орталықтарын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар келешекте Қытай мен Еуропа аумақтарында логистикалық қызмет көрсету үшін ұлттық компания бөлімшелерін ашу жоспарланып отыр. Бұл Қазақстан арқылы өтетін транзиттік жүктерді қайта бағдарлауға өз әсерін тигізбек.  

Бүгінгі таңда компания бизнес-процестерді цифрландыру мәселесіне ерекше ден қойып отыр. Осы ретте PSA International жетекші трансұлттық логистикалық компаниясымен бірлесіп, «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық жүйелерін және Calista жеткізу тізбегін басқаруға арналған сингапурлық онлайн платформасын біріктіру жұмыстары жүргізілуде. Цифрлық шешімді Транскаспий халықаралық көлік бағдарында қолдану жоспарлануда. Жаңа жүйе тұтынушылар үшін сапалы әрі ыңғайлы қызмет түрін жасап, халықаралық тасымалдаушылар үшін бағыттың тартымдылығын арттырмақ. Ал HUAWEI компаниясымен ҚТЖ арасында цифрландыруды дамыту туралы меморандумға қол қоюы компанияның жарқын келешегін айқындай түседі.  

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?