Қытаймен арадағы жүк тасымалы 1 млн тоннаға артады

Жүк тасымалы
12.09.2023, 09:15
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

2024 жылдың қаңтарынан бастап Қытай тарапы Алашанькоу станциясы бойынша астық тасымалдағыштарда, жабық вагондарда және контейнерлерде астық жүктерін қабылдауды екі есеге арттырмақ. Сонымен қатар қазақстандық тараптың өтініші бойынша ҚХР алғаш рет «Қорғас» станциясында астық тасымалдағыштар мен жабық вагондарда астық жүктерін қабылдауды бастайды.

Сондай-ақ қазақстандық экспорттаушылардың тілектерін ескере отырып, өсімдік майы, металл рудалары (түйіршіктер, концентраттар), мұнай коксы сияқты жүктерді қабылдау артпақ. Бұл туралы жақында Шымкент қаласында өткен Қазақстан мен Қытай шекаралық теміржолдарының аралас комиссиясының 32-ші кезекті кеңесінің хаттамасына қол қоюға арналған жиында белгілі болды. Осы отырыста екі елдің теміржол әкімшіліктерінің өкілдері 2024 жылға арналған тасымал көлемін 27,8 млн тонна жүк мөлшерінде орындауға келісті. Бұл көрсеткіш 2023 жыл көлемінен 1 млн тоннаға артық болмақ.  

Кездесуде Қытай мен Қазақстан арасындағы 2023 жылдың 8 айындағы жүк және контейнерлік тасымалдаудың қорытындысы шығарылып, жыл соңына дейін 26,8 миллион тонна жүк деңгейінде тасымалдау көлемін сөзсіз орындау туралы келісімге қол жеткізілді. Яғни биылғы жылы тасымалданатын жүк көлемі 2022 жылғы деңгейден 3,6 млн тоннаға жоғары болмақ. Осы ретте экспорт 25%-қа немесе 16,2 млн тоннаға, ал импорт – 6%-ға, немесе 10,6 млн тоннаға дейін артады деп көзделуде.  

Сондай-ақ тараптар шекаралық станциялар мен Достық – Мойынты, Алашанькоу – Дзинхэ учаскелерінің өткізу қабілетін кеңейту, терминалдарды салу және жаңғырту бойынша іс-шаралардың барысын талқылады. Кездесу барысында шекаралық бекеттердегі жүк ағынын арттыруға мүмкіндік беретін барлық мәселелер шешілді.

 

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды