Көмір тасымалы: Вагондар тапшылығы жоқ

Жүк тасымалы
03.10.2023, 09:18
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Санаулы күннен соң жылу беру маусымы басталады. Осы ретте жылыту маусымына қажетті көмір тасымалын қамтамасыз етіп отырған теміржол саласына жүктелетін жауапкершілік жоғары. Бүгінде қатты отын тасымалы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тарапынан ерекше бақылауға алынған.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мамандарының айтуынша, қатты отынды тиеуге вагондар бірінші кезекте берілуде. Өңірлерде көмірді жеткізу жүк алушылардың өтініштеріне сәйкес жүзеге асырылуда. Осы арада тасымалды ұйымдастырушы мамандар республика бойынша жылжымалы құрамның жетіспеушілігіне немесе жүк жөнелтушілердің таласуына қатысты ешбір деректің тіркелмегенін айтып отыр.  

Өткен сегіз айда жылу электр орталықтарына 43,1 млн тоннадан астам көмір жеткізілген. Бұл былтырғы есепті мерзім көрсеткішінен 950 мың тоннаға артық болып отыр. Осылайша, еліміздің ЖЭО қоймаларында көмір қоры Энергетика министрлігі белгілеген қор нормаларынан екі еседей жоғары болып отыр.  

Ал биылғы мамыр-қыркүйек айлары аралығында республика бойынша 3,2 млн тонна коммуналдықтұрмыстық көмір тасымалданыпты. Соның 17,6 мың тоннасы Қарағанды облысына қарасты Ботақара станциясынан тиелген. Оның 7,6 мың тоннасы немесе станциядан 43 пайызы халыққа, қалғаны өнеркәсіптік кәсіпорындарға жеткізілген. Мамандар, жыл сайын Ботақара станциясынан теміржол көлігіне тиелетін коммуналдық-тұрмыстық көмірдің үлесі жалпы тасымал көлемінің 0,005% құрап отырғанын айтады. Станцияда аталған әлеуметтік жүк түрі Кузнецкий және «SatKomir» МК» АҚ разрезінен тиеледі.  

Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы жағдай бойынша, разрездерден 14,1 мың тонна қатты отынды тиеу жоспарланса, соның аталған айдың 27 күнінде 11 мың тоннасы тиеліп, жөнелтілген. Қазір станцияда көмір тиеу үшін 65 вагон дайын тұр. Әзірше, жүк жөнелтушілерден басқа өтініштер түспепті. Негізі коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы вагондармен толық қамтамасыз етіліп отыр. Жалпы жыл соңына дейін ай сайын 9,5 млн тонна көмірді тасымалдау көзделіп отыр. Ағымдағы жылы барлығы 106 млн тоннадан астам көмірді темір жол көлігімен тасымалдау жоспарланса, оның ішінде қазақстандық тұтынушылар үшін 76 млн тоннасы жеткізілмек.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты