«Қазтеміртранс» АҚ табысқа қол жеткізді

Жүк тасымалы
02.02.2024, 10:08
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылы «Қазтеміртранс» АҚ жүк жөнелтушілердің әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау бойынша сұраныстарын 100% қамтамасыз етіп, барлық негізгі көрсеткіштер бойынша табысқа қол жеткізді.

Теміржол операторы Қазақстан нарығындағы үлесін 1%-ға арттырып отыр. Өткен жыл қоғам үшін күрделі жыл болғанына қарамастан компания барлық тапсырмаларды орындап, қаржы-шаруашылық қызметінде оң нәтижелерге қол жеткізген. Былтыр 4805 бірлікке жылжымалы құрамды жөндеу бойынша ұлғайтылған жоспарды орындау және жасалған келісімге сәйкес 242 жаңа вагон сатып алу есебінен жұмыс істеп тұрған вагон паркінің саны 2022 жылмен салыстырғанда 2796 бірлікке ұлғайған. Ал жұмыс істемейтін парк 5102 вагонға төмендеген. «ҚТТ» АҚ алға тартқан мәліметке сүйенсек, өткен жылы жүк жөнелтушілердің әлеуметтік маңызы бар жүктер мен көмірді тасымалдауға қатысты тапсырысы – 100%, астық тасымалдау жоспары – 95%, «Қазақавтодор» ЖШС мен ҚР ИИДМ тапсырысы бойынша жол құрылысына қажетті қиыршық тас өнімдерін тасымалдау 99%-ға орындалған.  

Компания басшылығы осы арада клиенттердің қанағаттану деңгейі 86% құрағанын, ал бұл 2022 жылға қарағанда 1% көтерілгенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы нарық үлесі 46%-ға дейін өскенін, ал бұл көрсеткіш 2022 жылы 45%-ды құрағанын атап өтті. Осы ретте Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Алматы, Қызылорда және Ақтөбе қалаларындағы филиалдар жыл қорытындысы бойынша өндірістің жоспарлы көрсеткіштерін асыра орындап, жақсы нәтижелер көрсеткен.  

Сонымен бірқатар филиалдарға ҚТЖ-ЖТ-ның өңірдегі бөлімшелерімен және «ТТС» ЖШС филиалдарымен жергілікті өзара іс-қимылды жақсарту; жөндеуді күтіп тұрған вагондардың тұрып қалуын жою; вагондарды бөлшектеу кезінде автоматты басқару жүйесіне қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты уақытылы енгізу; жөндеу жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың техникалық деңгейін арттыру; ағымдық ағытып алып жөндеуге вагондарды ағытып алу себептеріне бақылауды күшейту тапсырмалары жүктелген.  

2024 жылға арналған негізгі міндеттерге келсек, олардың қатарында Жүк вагондарын жөндеу бойынша өндірістік бағдарламаны жүзеге асыру, жұмыс істемейтін парктер мен ағымдық жөндеуге баратын вагондар санын қысқарту, экспортқа вагондарды тиеуді ұлғайту, өтімсіз қорларды азайту, сондай-ақ жаңа клиенттерді тарту сияқты басқа да шаруалар межеленген.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты