Астық тиеген вагондар Достық арқылы жөнелтіледі

Жүк тасымалы
05.11.2024, 08:46
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Алтынкөл станциясында кідіріп қалған қазақстандық астық тиеген вагондар Достық станциясы арқылы қайта бағытталмақ. Вагондар кідірісін жоюды көздеген шара тиісті орындар тарапынан келісім тауып отыр.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мамандарының айтуынша, жағдайды тұрақтандыру мақсатында жүк жөнелтушілерге Алтынкөл – Қорғас өткеліндегі жүк тасымалын Достық шекаралық өткелі арқылы қайта бағыттау ұсынылған. Бүгінде жүк жөнелтушілер 30-дан астам пойыздың қайта бағдарлануына келісімдерін растаған.  

Еске сала кетсек, қазақстандық фермерлер Қытайға астық экспорттауда проблемаға тап болған еді. Соңғы екі айда фитосанитарлық, карантиндік сертификаттар мен кедендік декларацияларға қатысты проблемалар болып, Қытай тарапы 360 астам вагонды кері қайтарған болатын. Бұл 25 мың тоннаға жуық жүк еді. Қытайдың Бас кеден басқармасы астық тиелген контейнерлерді тексеру уақытын 5-тен 10 тәулікке дейін ұзартып, шекарадағы тексеру үдерісін ұлғайтқан болатын. Соның салдарынан Қорғас станциясының қытай жағында қазақстандық астық тиеген 2500 астам контейнер жиналып қалып, үлкен кезек пайда болды. Осыған байланысты ұлттық компания контейнерлерге астық тиелімін реттеуге мәжбүр болып отыр.  

Сонымен қатар Орталық Азияға да астық жөнелтілімі өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға өскен және ол бүгінгі таңда 1 млн тоннадан астам астықты құрап отыр.  

 

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады