2030 жылға дейін еліміздің транзиттік тасымалдау көлемі 74 млн тоннаға жетеді

Жүк тасымалы
20.02.2025, 10:52
Қазақстан теміржолшысы

2030 жылға қарай Қазақстан транзиттік тасымалдау көлемін 2 еседен астам ұлғайтып, 74 млн тоннаға жеткізбек. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Көлік саясаты департаментінің директоры Нұрлан Кеңесов ОКҚ алаңында өткен брифингте айтты.

Оның айтуынша, көлік министрлігі транзиттік жүк тасымалын дамытуға ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда елімізде 5 теміржол және 8 автокөлік дәлізі қалыптасып, тиімді жұмыс істеп тұр. Былтыр Қазақстан арқылы транзиттік жүк тасымалы 34 млн тоннадан асты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6%-ға көп.  

Оған қоса барлық жүктің 80%-ы теміржол арқылы, ал 20%-ы автокөлікпен тасымалданған.

«2030 жылға дейінгі көлік-логистика әлеуетін дамыту тұжырымдамасы аясында инфрақұрылымды дамыту бойынша нақты шаралар іске асырылып жатыр. Қазір екі негізгі транзиттік дәлізге басымдық берілуде. Біріншісі, Транскаспий халықаралық көлік бағыты. Бұл бағыт Ұлы Жібек жолының қайта жандануымен тығыз байланысты. Өткізу қабілеті 6 млн тоннаны құрады. Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімдер аясында 2030 жылға дейін ТХКБ арқылы 2 мың контейнер тасымалдау жоспарланған», – деді Н. Кеңесов.  

Жалпы, 2024 жылы ТХКБ арқылы 4.5 млн тонна жүк тасымалданды.  

Екінші бағыт – «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізінің шығыс бағыты. Оның өткізу қабілеті 6 млн тоннаны құрайды. 2024 жылғы шілдеде Қазақстан Ресей, Түрікменстан және Иранмен бірлесіп, 2024-2025 жылдарға арналған Жол картасына қол қойды. Осы бағытты дамыту үшін арнайы Жұмыс тобы құрылды. Қазақстан аумағы бойынша қосымша жүк ағындарын тарту мақсатында транзиттік жүктерге 50% мөлшерінде жеңілдік беріледі.

2029 жылға дейін теміржолдардың 11 мың шақырымында күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша 2023-2024 жылдары 2800 шақырымы осы жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда қолданыста 1800-ге жуық локомотив бар, былтыр 185 локомотив сатып алынса, биыл 200 локомотив алынады. Бұл жайында ҚР Көлік министрлігі теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбуғанов ОКҚ баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, Қазақстанда 300-ге жуық вагон операторлары жұмыс істеп жатыр және 140 мың жүк вагоны тіркелген. Былтыр қосымша 2350 жүк вагоны сатып алынса, биыл да сол мөлшерде жоспарлануда және жүк вагондары Қазақстанда толығымен жеткілікті болады.

«Көршілес елдермен теміржол түйіспелерінде пойыздарды өткізу қабілетін арттыруға нақты шаралар жүргізіліп жатыр. Мысалы, Ресей елімен 9 теміржол түйіспесінің бесеуінде, яғни, Семиглавый Мар, Орск, Илецк, Карталы, Куркамыс түйіспелерінде екі жақты жұмыс басталып, осы өткелдерде қуаттылық 20%-ға арттырылады. Ал, Өзбекстанның шекарасындағы Сарыағаш түйіспесінде жаңа жолдар салынып, ол түйіспенің қуаттылығы 12%-ға артады», – деді Нұржан Келбуғанов.

Ішкі терминалдық желіні дамытуға қоса, Қазақстанның шетелдегі жүк қалыптастыру нүктелеріндегі географиясын кеңейту бойынша шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта Ляньюньган портында және Сиань қаласының құрғақ портында қазақстан-қытай терминалдары жұмыс істеп тұр, сондай-ақ қазақстандық жеке сектор Поти портында терминал салды.

Қазіргі таңда Алят портында, Мәскеу маңындағы Селятино станциясында, Беларусьтегі Свислочь станциясында және Ташкентте терминалдар іске асыру сатысында. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 1 млн-нан астам контейнерді құрайды.

Болашақта Румыния, Венгрия және Қытайдың Үрімші қаласында бірлескен терминалдар ұйымдастыру мәселесі қарастырылуда.

Жалпы алғанда, сыртқы терминалдық қуаттар 4 есеге өсіп, жылына 2 млн 500 мың контейнерге жетеді, бұл өз кезегінде жүк ағындарын қазақстандық көлік инфрақұрылымына тартуға мүмкіндік береді. Осы жасалып жатқан жобалардың арқасында транзит 3 есеге артып, 76 млн-ға жетпек. Бұл еліміздің көлік-транзиттік әлеуетінің дамуына үлкен үлес қосады.

Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
10.06.2026
Олжас Бектенов туристік бағыттар бойынша теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды
Әлемде
10.06.2026
TGV-M жүрдек пойызы 2026 жылдың қыркүйегіннен жолаушыларды таси бастайды
Трансформация
10.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік саясаты: қызметкерлерді қолдау мен өңірлерді дамыту бағыты
Жаңалықтар
09.06.2026
Алматы өңірінде теміржол инфрақұрылымын көктемгі тексерудің қорытындысы шығарылды
Жаңалықтар
09.06.2026
Құрық пен Махачкала порттары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жолаушылар тасымалы
09.06.2026
ҚТЖ жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдамақ
Жүк тасымалы
09.06.2026
Алашаңқай станциясында алғаш рет қатты желдің салдарынан 14 төтенше дайындық режимі енгізілді
Сұхбат
09.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы теміржол қатынасын қалай дамытып жатыр?
Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді
Жаңалықтар
09.06.2026
Адал еңбек алғысқа лайық