Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында туристік объектілердің халық үшін көліктік қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.
«Халықтың тарапынан танымал әрі шалғайдағы туристік бағыттарға көлікпен қатынаудың қиындығы туралы шағымдар келіп түсуде. Әуе және теміржол билеттерінің тапшылығы мен бағасының қолжетімділігі де алаңдаушылық туғызады», – деп атап өтті Олжас Бектенов.
Көлік министрлігіне әуе компаниялары және «Қазақстан темір жолымен» бірлесіп, демалушылар үшін қолайлы бағамен танымал курорттық бағыттарға рейстерді және орындар санын арттыру шараларын қабылдау тапсырылды.