«ҚТЖ» – Еуразиялық транзиттік дәліздердің негізгі драйвері

Жүк тасымалы
01.08.2025, 09:56
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ негізгі транзиттік дәліздерде маңызды рөл атқарып, логистикалық маршруттардың интеграциясына ықпал етуде десек, қателеспейміз. Бүгінде Ұлттық компания қабылдап жатқан шаралар әрбір негізгі көлік бағдарында логистикалық операторды айқындай отырып, көліктік-логистикалық кластерді қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Атап айтсақ, Солтүстік дәлізде Қазақстан, Ресей және Беларусь қатысатын «ОТЛК ЕРА» компаниясы; Транскаспий халықаралық көлік бағдарында (ТХКБ) Қазақстан, Әзірбайжан және Грузияның қатысуымен бірлескен кәсіпорын, оған алдағы уақытта елдің ірі контейнерлік операторы – CRCT тұлғасында Қытай қосылады деп күтілуде; «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінде «Abu Dhabi Port Group» компаниясымен бірлесіп логистикалық оператор құрылды, сондай-ақ Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның қатысуымен бірлескен кәсіпорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

«ОТЛК ЕРА» компаниясы өз қызметі барысында ЕАЭО аумағындағы контейнерлік транзит саласындағы интеграциялық жоба ғана емес, сонымен қатар трансевразиялық теміржол контейнерлік тасымалдарының көшбасшысы болып отыр. Тек 2024 жылы біріккен компанияның барлық сервистерімен тасымалданған жүктердің көлемі 746 мың ЖФЭ-ні құрады, бұл – компанияның бүкіл тарихындағы ең үздік нәтиже. Өткен жылы компанияның тасымалдау географиясы 28 жаңа бағдармен толықтырылды. Биылғы жылы «ОТЛК ЕРА» АҚ кемінде 750 мың ЖФЭ операциялық көрсеткішіне шығуды жоспарлап отыр. Компания өз алдына жылына 1 млн ЖФЭ тасымалдау көлеміне қол жеткізуді мақсат етіп отыр.  

Сыртқы шектеулер жағдайында компания сенімді дамуын жалғастыруда. Бүгінде Қытай – Еуропа – Қытай тікелей теміржол қатынасында «ОТЛК ЕРА» тарапынан тасымалданатын он контейнердің тоғызы Қазақстан арқылы транзитпен жүреді, бұл – «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның елеулі еңбегі.

Транскаспий бағдары көптеген елдер үшін ынтымақтастықтың көшбасшылық жобасына айналуда. 2024 жылы маршрут бойынша тасымалдау көлемі 4,5 млн тоннаны құрап, алдыңғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 62%-ға артты. Осы бағдар бойынша Қытайдан 358 контейнерлік пойыз жүріп өтіп, 2023 жылғы көрсеткіштен 33 есе өсім көрсетті. Осы жылдың 6 айында ТХКБ бойынша 926 мың тонна жүк тасымалданды. Шығыс-Батыс бағдары бойынша 207 контейнерлік пойыз жүрді, кері бағытта – 25. Жалпы, 2025 жылға 600 транзиттік контейнерлік пойыз көлемінде тасымалдау жоспары келісілді. Болашақта қытайлық серіктестермен арадағы келісімдер бойынша Қытайдан ТХКБ арқылы қатынайтын контейнерлік транзит 3000 пойызға дейін өседі деп күтілуде. 2030 жылға қарай көлем көрсеткішін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.  

«Транскаспий халықаралық көлік бағдары» халықаралық қауымдастығының бас хатшысының міндетін атқарушы Нұргүл Жақыпованың айтуынша, маршруттың өткізу қабілетін арттыру ТХКБ қатысушыларының негізгі міндеттерінің біріне айналуда. Мәселен, дәліздің өткізу қабілетін арттыру үшін 2024 жылғы ақпанда Сиань қаласының Құрғақ портында қазақстан-қытай терминалы пайдалануға берілсе, Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісін жаңғырту аяқталды, бұл контейнерлерді өткізу тиімділігіне әсер етті. Ақтау теңіз портында теңіз түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу және айлақтарды қайта жаңарту жоспарлануда. Сонымен қатар теңіз айлағының тиімділігі мен өткізу қабілеттілігіне ауа райы жағдайлары теріс әсер етеді, ол үшін жоғары желмен жабдықталатын арнайы STS-крандарды, сондай-ақ «Ақтау порты-Баку порты» теңіз желісіне неғұрлым кең контейнерлік кемелерді сатып алу және орналастыру жоспарланып отыр, олар қатты дауыл жел жағдайында пайдалануға бейімделген.  

Сондай-ақ ТХКБ бойынша контейнерлерді жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша маршрутқа қатысушылардың жұмысын атап өткен жөн. Алтынкөл станциясынан Грузияның Поти және Батуми порттарына дейін, сондай-ақ грузин-түрік шекарасындағы Ахалкалаки шекаралық станциясына дейін ол 12-14 тәулікті құрайды, ал Сиань қаласынан пойыздарды жоғарыда аталған пункттерге жеткізу мерзімі шамамен 15-17 тәулікті құрайды.  

Жалпы, соңғы 5 жылда ТХКБ бойынша тасымалдау көлемінің 6 есе өсуі байқалады, бұл олардың одан әрі өсу перспективасы барын көрсетеді және қабылданып жатқан шаралардың рентабельділігін растауда.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты