Қазақстан Еуразияның басты көлік торабына айналуда

Жүк тасымалы
15.08.2025, 09:38
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Еуразиядағы шешуші көлік торабына айналып отырған Қазақстанда болжам бойынша жүк транзитінің көлемі 2030 жылға қарай қазіргі көлемнен үш есе өседі. Оған темір жол, автомобиль, теңіз порттары және әуе инфрақұрылымына салынып жатқан ірі ауқымды инвестициялар әсер етіп, еліміз Орта жол дәлізі мен Солтүстік-Оңтүстік бағдарын қоса алғанда, стратегиялық сауда дәліздерінің тоғысы ретінде танылмақ.

Сонымен қатар тұрақты экономикалық өсу мен жаһандық серіктестіктердің кеңеюі арқасында Қазақстан аймақтық және халықаралық логистиканың болашағын қалыптастыруда. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, биылғы жылдың алғашқы айларында Қазақстан экономикасы 6% өскен, бұл соңғы 12 жылдағы ең жылдам көрсеткіш болып отыр, оған өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік қызметтері ықпал еткен. Осы арада ел Үкіметінің ұзақмерзімді және тұрақты өсім ретінде халықаралық сауда мен логистикаға айрықша назар аударып отырғанын айта кеткен жөн. Әлбетте, бұл негізсіз де емес. Мәселен, 2024 жылы Қазақстан арқылы жүк транзиті 7,1 % артып, 34,6 млн тоннаны құраған. Соның 27,5 млн тоннасы теміржолға тиесілі болса, 7,1 млн тоннасы автожолдар еншісінде екен. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 млн тоннаға жетіп жығылады деп күтілуде. Бұл арада өсімнің шешуші факторы ретінде, контейнерлік блок-пойыздар санын жыл сайын 600-ден 2029 жылға қарай 3000-ға дейін ұлғайту туралы Қытаймен жасалған келісімді атауға болады. Мұндай өсім Қытайды, Еуропаны, Ресейді, Каспий өңірін, Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азияны байланыстыратын 13 халықаралық көлік дәлізі аясындағы Қазақстанның стратегиялық жағдайын көрсетеді. Осы ретте, негізгі дәліздерге ТРАСЕКА, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі, сондай-ақ Азия мен Еуропа арасындағы сенімді балама сауда бағдары ретінде жаһандық даңққа ие бола бастаған және қарқынды дамып келе жатқан Орта дәлізді (Транскаспий халықаралық көлік бағдары) атауға болады.

Ел Үкіметі инфрақұрылымдарды қайта құрылымдап, жаңғыртуды басты назарға алған. Айталық, 2025 жылдың өзінде, Қазақстанда 13 мың шақырым автомобиль мен 6100 шақырым теміржолға жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ екі теңіз портының ірі жобалары бар. Айталық, теміржол секторында Қытай және Орталық Азиямен байланысты нығайтуға бағытталған жалпы құны 2,3 триллион теңге болатын бес ауқымды жоба іске асырылуда. 2029 жылға қарай Қазақстанның Даму стратегиясына сәйкес еліміз 11 000 шақырым темір жолды жаңғыртуға ниетті. Бұл жобалар Қорғас, Алматы және Астана сияқты негізгі тораптардан Ақтау портына дейінгі транзиттік қашықтықты қысқартуға және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізіне қосымша жаңа «Солтүстік» және «Орта» бағдарларын құруға мүмкіндік береді.  

Теңіз көлігі бойынша жақында Ақтау портының акваториясында тереңдету жұмыстары басталды. Қазақстанның сауда флотын кеңейту мақсатында 17 жаңа кеме, оның ішінде төрт паром сатып алуды қарастырып отыр. Құрық портындағы қуаттылығы 1 миллион тонна астық терминалы құрылысының аяқталуы және жылдық өткізу қабілеті 11 миллион тоннаға дейін жететін көпфункционалды Саржа терминалын дамыту жобасын іске қосу – бұл саладағы үлкен жетістік.  

Маусым айында Ақтау портында контейнерлік хаб іске қосылды, бұл оның контейнерлерді ауыстырып тиеу қуатын 240 000 TEU дейін арттыруға мүмкіндік берді. Грузияның Поти портында жаңа қазақстандық терминалдың ашылуы да аз жетістік емес. Қазақстан, сонымен қатар Қытайдағы Сиань мен Ляньюньган, Мәскеу маңындағы Селетино, Ташкент, Әзербайжан мен Венгриядағы Алят сияқты негізгі әлемдік логистикалық орталықтардағы терминалдар желісін кеңейтіп, Шығыс-Батыс сауда осі бойында өзінің қатысуын нығайтуда. Осылайша, 2022 жылдан кейін жеткізілім тізбегін жаһандық қайта теңгерімдеуге байланысты елеулі өзгерістерге ұшыраған Еуразияның аса маңызды көлік торабына айналған Қазақстанның логистикада көшбасшы болу мүмкіндігі жоқ емес деп болжайды сарапшылар.

 

Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады
Әлемде
10.06.2026
Түркия алғашқы жүрдек пойызын сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
10.06.2026
Олжас Бектенов туристік бағыттар бойынша теміржол орындарының санын көбейтуді тапсырды
Әлемде
10.06.2026
TGV-M жүрдек пойызы 2026 жылдың қыркүйегіннен жолаушыларды таси бастайды
Трансформация
10.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік саясаты: қызметкерлерді қолдау мен өңірлерді дамыту бағыты
Жаңалықтар
09.06.2026
Алматы өңірінде теміржол инфрақұрылымын көктемгі тексерудің қорытындысы шығарылды
Жаңалықтар
09.06.2026
Құрық пен Махачкала порттары ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жолаушылар тасымалы
09.06.2026
ҚТЖ жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдамақ
Жүк тасымалы
09.06.2026
Алашаңқай станциясында алғаш рет қатты желдің салдарынан 14 төтенше дайындық режимі енгізілді
Сұхбат
09.06.2026
Ұлттық тасымалдаушы теміржол қатынасын қалай дамытып жатыр?
Станция тынысы
09.06.2026
Сам станциясына пойыз тоқтайтын болды
Аймақтар
09.06.2026
Өткелдегі қауіпсіздік өзекті мәселе
Инфрақұрылым
09.06.2026
Экологиялық мәдениет – өркениет белгісі
Қауіпсіздік
09.06.2026
Бес жылда – жеті оқиға
Аймақтар
09.06.2026
Семейде желі бойының тазалығы тексерілді
Жаңалықтар
09.06.2026
Адал еңбек алғысқа лайық
Аймақтар
09.06.2026
Қандыағаштық теміржолшы ірі апаттың алдын алды
Жаңалықтар / Мұрағат
09.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №44 9 маусым 2026 жыл