ҚТЖ жүк тасымалы мен теміржолдағы оқиғаларға түсініктеме берді

2025 жылдың 11 айындағы қорытынды бойынша ҚТЖ желісімен ел тәуелсіздігі жылдарында рекордтық жүк айналымы қамтамасыз етілді: пайдалану жүк айналымы 264,7 млрд т-км (өткен жылдың деңгейіне+7,4%) құрады, тасымалдардың жалпы көлемі 287,9 млн тоннаға (+4%) жетті. Қозғалыстан уақытша шеттетілген пойыздардың саны 96 бірлікті құрайды, бұл 2022 жылғы желтоқсандағы көрсеткіштен 6 есе төмен, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Қатысушы теміржол әкімшіліктерімен жүргізілген жұмыстардың арқасында осы бағыттардағы тасымалдау көлемі өсуде: ағымдағы жылдың 11 айында ҚХР-мен тасымалдау көлемі 11%, Өзбекстанмен тасымалдау көлемі 16% өсті. Орталық Азия елдеріне 5,6 млн тонна астық тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32% артық, оның ішінде Өзбекстанға – 4 млн тонна (+31%).

Өзбекстан бағытындағы жүктердің қозғалысын реттеу үшін тағайындалған станциялар, жүк алушылар және Ташкент торабының тәуліктік түсіру қуаты келісілді. Бұл ретте мәлімделген жүк көлемдерінің сәйкес келмеу жағдайлары анықталды: қазақстандық жөнелтушілер 13 мың вагонды, ал өзбек тарабының алушылары 8 мың вагонды растады, бұл тасымалдауды жоспарлауға әсер етті.

ҚХР мен Өзбекстан бағытындағы жоспарларды келісу көршілес теміржолдардың жүктерді қабылдау мүмкіндіктеріне сүйене отырып жүзеге асырылады. Бұл рәсімдерді сақтамау Қазақстан аумағында тоқтап тұрған вагондар мен  тастап кетілген пойыздар санының өсуіне әкелуі мүмкін.

Барлық өткізу қабілеттілігі ай басталғанға дейін негізгі жоспарлар бойынша бөлінеді. Қосымша жоспарлар негізгі жоспарлар орындалмаған кезде ғана қаралады, бұл Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларының 39-тармағына сәйкес келеді.

Алматы – 2 вокзалындағы газбен улану жағдайы туралы ақпарат бойынша: пойыз жеке тасымалдаушыға тиесілі және «Жолаушылар тасымалы» АҚ иелігіне жатпайды. Барлық мән-жайларды құзыретті органдар анықтайды.

Сондай – ақ, 2025 жылғы 10 желтоқсанда Мойынты – Шығанақ учаскесінің Шешенқара – Қаражаңғыл аралығында рельс ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды орындаған Сарышаған станциясы жол бригадасының қатысуымен жазатайым оқиға болғанын хабарлаймыз. ҚТЖ зардап шеккендер отбасыларына толық көмек көрсетеді. Компанияның бас инженері басшылығымен «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС және Магистральдық желі дирекциясының басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Оқиға орнында уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдері жұмыс істеуде. Жедел шешімді талап ететін барлық мәселелер ерекше бақылауға алынды.

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?