ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026, 11:22
Оқуға 2 мин

2026 жылдың қаңтар – шілде айларының қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісінде жүктерді тасымалдау көлемі 184,4 млн тоннаны құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2% өсті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Оның ішінде республикаішілік тасымалдар 97,2 млн тоннаға жетіп, экспорттық тасымалдар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5% өсті және 53,4 млн тоннаны құрады.

Есепті кезеңде ҚТЖ бүкіл желісі бойынша 60,4 млн тонна тас көмір тасымалданды, бұл 2025 жылғы қаңтар – маусым көрсеткішінен 3,5% артық. Жалпы көлемнің 40,9 млн тоннасы қазақстандық тұтынушыларға жөнелтілсе, бұл өткен жылғы деңгейден 3% артық. Экспортқа 18,8 млн тонна көмір жөнелтіліп, өсім 3,1% құрады.

Астық тасымалдауда оң динамика байқалды. 2026 жылдың жеті айында 8,1 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% артық. Астық экспорты 10,4% өсіп, 6,3 млн тоннаға жетті, республика ішінде 1,8 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылғы деңгейден 8,6% артық. Экспорттық қатынаста ұнтақ өнімдерін тасымалдау көлемі 1,3 млн тоннаны құрап, 14% артты.

Осы жылдың қаңтар – шілде айларында ҚТЖ желісі бойынша түсті кенді тасымалдау 12,5 млн тоннаны, құрылыс материалдарын тасымалдау 11,3 млн тоннаны құрады.

Өсім жүктердің бірқатар негізгі номенклатуралары бойынша тіркелді: темір кенінің 13,8 млн тоннасы (+16,6 %), мұнай өнімдерінің 15,2 млн тоннасы (+ 1,5%), шикі мұнайдың 1,2 млн тоннасы (+3%), өзге де жүктердің 36,9 млн тоннасы (+4,2%) тасымалданды.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды