«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады

Жүк тасымалы
09.10.2026, 09:26
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

7 қазан – Дүниежүзілік лайықты еңбек үшін іс-қимыл күні. Бұл күн еңбек адамдарының заңды құқықтары мен мүдделерін қорғаудың, қауіпсіз және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің маңыздылығын айқындайды.

Атаулы күн аясында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де өткен салтанатты шара адал еңбекті дәріптеуге арналды. Теміржол саласында 40 жылдан астам еңбек еткен 12 қызметкер марапатталды: олар Салтанат Айтбаева, Забира Ахажанова, Болат Бирманов, Тасболат Каримов, Иван Костыря, Әлия Медебаева, Ақылбек Рамазанов, Бақтыгүл Сагиева, Елена Сатыбалдина, Болат Сүлейменов, Жанбек Түсіпаев және Сәуле Шарипова.  

– Олардың көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және теміржол саласының дамуына қосқан үлесі – жас буын үшін үлгі. Лайықты еңбек – бұл қауіпсіз еңбек жағдайлары, қызметкерлердің құқықтарын құрметтеу, әлеуметтік кепілдіктер, тұрақтылық және кәсіби дамуға мүмкіндік. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты, олардың еңбек құқықтарын сақтау, қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру және әрбір маманның еңбегін бағалау – маңызды басымдықтардың бірі. Барша әріптестерімізге еңбектеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Қауіпсіз еңбек, тұрақтылық, кәсіби табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз! – дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС аппарат жетекшісі Әділжан Исмұханбетов.  

 

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды