Қытайға тасылатын жүк түрлеріне уақытша шектеу қойылады
Оқуға 1 мин
Достық станциясы арқылы ҚХР-на жөнелтілетін кейбір жүк түрлеріне уақытша шектеу қойылдаы. Себебі Қытай жағы жүктерді уақытылы қабылдай алмай жатыр деп хабарлайды Rail-news.kz «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Осы шешімге сәйкес шектеу шаралары «Достық» стансиясынан Қытайға түсті металл, көмір, мұнай коксын тасымалдау үрдісіне ғана қолданылмақ. Уақытша тыйым осы жылдың 11 шілдесінен басталып, 10 күнге, яғни 20-шы шілдеге дейін созылады.
Қазіргі уақытта халықаралық тораптардағы 145 пойыз көлік қозғалысынан шығарылды. Тыйым салу кезінде Қытай тарапы қабылдаған номенклатура мен көлемге сәйкес бос вагондармен азық-түлік тасымалдауға басымдық беру жоспарланып отыр.