Қытай-Еуропа-Қытай теміржол контейнерлік маршрутына биыл 10 жыл толып отыр

Жүк тасымалы
09.07.2021, 09:38
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қытай-Еуропа-Қытай халықаралық теміржол контейнерлік маршрутының белсенді жұмыс істеп жатқанына биыл 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде халықаралық байланыстар арқылы Қытайдан Еуропаға және кері қарай 33 мыңнан астам контейнерлік пойыз қатынаған. Оның 53 пайызы Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас теміржол өткелдерінен өткен. Алғашқы халықаралық контейнерлік пойыз Еуропаға Алашанькоу-Достық шекаралық өткелі арқылы Чунцин станциясынан (ҚХР) 2011 жылғы 19 наурызда жөнелтілген болатын. Пойыз Қытай, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Польша және Германияның мемлекеттік шекаралары арқылы 16 күнде 11 мың км астам қашықтықты жүріп өтті. Пойыздың жылдамдығы тәулігіне 726 км құрады. Құрам Дуйсбург станциясына межеленген мерзімнен екі күн бұрын келіп жетті. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағы бойынша контейнерлік маршруттар Қытай-Еуропа, Қытай-Орталық Азия елдері, Қытай-Ресей бағыттары бойынша, сондай-ақ Қазақстан порттары арқылы Кавказ, Парсы шығанағы, Түркия және басқа елдерге жөнелтіледі. Бұл ретте, транзиттік жүктің басым бөлігі өтетін дәстүрлі бағдарды Қытай-Еуропа-Қытай маршруттары құрап отыр. Жүкті жеткізудің оңтайлы мерзімі маршрутқа байланысты 7-ден 16 күнге дейінгі аралықты құрайды. Халықаралық транзит ағыны жылдан-жылға артып келеді. Жаһандық пандемияға және карантиндік шаралардың енгізілуіне қарамастан, транзиттік контейнерлік тасымалдар көлемі 2020 жылы 65% өсіп, 517,5 мың ЖФЭ-ні құрады. Ал пойыздың орташа жылдамдығына келсек, ол тәулігіне 1150 шақырымға жетіп отыр.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты