Цемент және өзге де құрылыс материалдарын тасымалдауға вагондар жеткілікті - ҚТЖ

Жүк тасымалы
19.07.2021, 12:32
Цемент және өзге де құрылыс керек-жарағын жөнелтушілердің  проблемалары жіті бақылауға алынды, деп хабарлайды Rail-news.kz “ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «ҚТЖ - Жүк тасымалы” ЖШС-де онлайн-режимде өткен кеңесте осы мәселе көтерілді. Атқарушы директор Нұржан Келбұғанов төрағалық еткен жиынға мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдері, құрылыс жүгін жөнелтумен айналысатын компаниялар қатысты. Биылғы бірінші жартыжылдықта цемент тиеу 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9% көбейіп, 4,3 млн тоннаға жетті. Қазақстан бойынша 3,3 млн тонна жүк тасымалданса, оның  830 мың тоннадан астамы елордаға жеткізілді. Бұл көрсеткіш былтырғы 6 айда тасымал көлеміне қарағанда 43%  артты. Биылғы қаңтар-маусым айларында 7 млн тоннадан астам құрылыс жүктері тиелген. Оның басым бөлігі, яғни 6,8 млн тоннасы ел ішінде тасымалданды. «Цемент және басқа да құрылыс материалдарын тасымалдау бойынша барлық өтініштер толықтай қамтамасыз етілуде. Вагон тапшылығы жоқ, бірақ бұл ретте қолданыстағы паркпен тиімді әрі ұтымды жұмыс істеу қажет», - деді Нұржан Келбұғанов. Қазіргі уақытта ҚР магистральдық желісінде 65 мыңнан астам ашық вагон бар, оның 23 мыңнан астамы «Қазтеміртранс» АҚ меншігінде. Қалғаны  жеке операторлар мен көрші мемлекеттерге тиесілі. Құрылыс жүктерін тасымалдауға “Қазтеміртранс” АҚ паркі: 10 мыңнан астам ашық вагон, 7,3 мыңнан астам жабық вагон, 72 платформа жұмылдырды. Қазақстан аумағында 4,5 мыңнан астам хоппер-цемент тасығыш бар, олар негізінен жекенің қолында. Тек 668 цемент тасығыш “Қазтеміртранс" АҚ балансында. "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-да жүк тиелген және бос вагондардың  жүріп-тұруына тәулік бойғы бақылау орнатылған. Құрылыс заттарын  қабылдап алушылардың жүктерді дер кезінде түсіріп алмауынан станциялық және кірме жолдарда көлік жиі тұрып қалатын болды. Сондықтан атқарушы директор жүк операцияларындағы технологиялық нормаларды сақтау керектігін ескертті. Цемент және жалпы құрылыс жүктерін тасымалдау бойынша мәселелерді жедел шешу үшін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС мессенджерде чат жұмыс істейді, оған ірі цемент зауыттарының өкілдері, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар кіреді. Кеңес барысында шалғай станцияларда жүк тиелген вагондармен жұмыс істеу үшін маневрлік локомотив беру мәселесі шешімін тапты. Цемент, силикат кірпіші бар вагондардың ұзақ уақыт тұрып қалу фактілері ерекше бақылауға алынды. Онлайн-кеңесті қорытындылай келе, Нұржан Келбұғанов осындай кең форматтағы кездесулер тұрақты болатынын атап өтті.
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда теңіз жүк тасымалының көлемі 7,2%-ға өсті
Жүк тасымалы
19.08.2026
Қазақстанда жылу беру маусымына дайындық аясында 19 млн тонна көмір тасымалданды
Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі