Биылғы астық тасымалына локомотивтер мен вагондар жеткілікті - ҚТЖ

Жүк тасымалы
27.07.2021, 10:18
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 23 шілдесі күні «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевтың жетекшілігімен биылғы жаңа егін науқанының астығын және күзгі дала жұмыстарына жанар-жағармайды тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған кеңейтілген жиын өтті. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі алға тартқан деректерге сүйенсек, үстіміздегі жылы дәнді дақылдардың егіс алаңы 15 миллионнан астам гектарды, соның ішінде, бидай алқабы 12 млн гектарды құрайды. Әйтсе де, мемлекеттік ведомство өкілі биыл жауын-шашынның аз болып, күннің қатты ыстық болуымен байланысты дәнді дақылдардың кей жерлерде шықпай қалғанын да жеткізді. «Сол себепті дәл қазір биыл қанша егін жиналатынын шамалап та айта алмай отырмыз. Қазіргі сәтте бес облыста егін ору науқаны басталды. Мәселен, Алматы облысында жалпы егіс алаңының 4,4%, Жамбыл облысында 50%, Батыс Қазақстан облысында 30%, Қызылорда өңірінде 10%, Түркістан облысында 38% орылған», – деп егін науқанының бүгінгі жай-күйімен таныстырған министрлік өкілі экспорттық бағытта дәстүрлі бағыттар сақталып отырғанын, яғни биыл да астық тасымалы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Ауғанстан елдеріне жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Тіпті болжамдық болсын сандардың жоқтығы тасымалдау процесін жоспарлауды және ұйымдастыруды қиындата түседі. Өйткені, жылжымалы құрам, локомотив паркін дайындауымыз керек. Сондықтан бізге әлеуметтік жүк жеткізілімін бұзып алмау үшін, қандай да болсын жалпы болжамдық санды бекітуіміз керек. Өткен жылдың көрсеткіші 10 млн тоннаға жүгініп, соған қарай астық тасымалы процесін жоспарлайық деген ұсыныс бар. Яғни, өткен жылы Компания маусым-желтоқсан аралығында 10 млн тонна көлемінде астық тасымалдады», – деген «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев бұл мәселеге қайта оралатындарын жеткізді.

«Продкорпорация» ҰК» АҚ өкілі Руслан Жанатаев биылғы маркетингтік жылы компания астықты республика ішіне тасымалдайтынын атап өтті. «Ұн тарту кәсіпорындарын, құс және мал шаруашылығын бидай-астықпен қамтамасыз ететін боламыз. Жасалған келісімшарттар негізінде және одан бөлек келісімдер бойынша биыл біз барлығы 1 млн тонна астықты тасымалдауды жоспарлап отырмыз. Тапсырыстар түсіп жатыр, «Астық транс» астықтасушы құрамдары мен «Қазтеміртранстың» жабық вагондарын астық тасымалына пайдаланудамыз», – деді «Продкорпорация» өкілі. Жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша құйылмалы жүкті тасымалдауға 11 мың цистерна жұмылдырылған. Бұдан бөлек, күз маусымында қазір жөндеуде тұрған цистерналар қосылып, бұл бағытта қиындық болмайтынына сендірді «РТС Holding» компаниялар тобының басқарма төрағасы Тимур Қарабаев. Жүк тасымалы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Оралхан Кулаков, тиелетін жүк көлемі мен пайдаланылатын паркке қатысты болжамдық баға жасады. Оның айтуынша, 2021/22 маркетингтік жылы тиелетін астық көлемі маркетингтік болжам негізінде 10 млн тонна астық және 1,8 млн тонна ұн өнімдерін құрамақ. Ең қарбалас кезең, қазан-ақпан аралығында жүк тиелімінің күтілетін көлемі айына шамамен 1,1 млн.т құрайды. Міне, осы кезде вагон айналымы орындалып жатқанда 1,1 млн тонна астықты тиеуге 10 мың, ал 400 мың тонна ұнды артуға 4300 вагон паркі керек екен. «Қазақстандық астықтасушы құрамдардың жалпы паркі соңғы үш жылда 567 бірлікке толықты. Сонымен қатар отандық жекеменшік вагон паркі де 2 еседей өсіп, бүгінде 2517 бірлікті құрап отыр. Жаппай астық тасымалы басталғанда отандық жүк жөнелтушілер мен операторлар тарапынан «бөгде» вагондар тартылады. Көрші елдердің теміржол әкімшіліктерінен вагондық көмек аламыз. Сондықтан вагон мен локомотив жетіспеушілігі туындамауы тиіс», – деді Оралхан Кулаков.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты