«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының жүк қозғалысы жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Оралхан Кулаков алға тартқан деректерге сүйенсек, осы жылдың 7 айында 59 млн тонна тас көмір тиеліп, бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 4,4%-ға жоғары болып отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz. Ел ішінде коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар мен халық үшін 41,7 млн тоннадан астам көмір тасымалданған, оның деңгейі былтырғы көрсеткіштен 25%-ға жоғары. Жылжымалы құрамның жеткілікті паркі бар екен. Қазақстан аумағында 63 мыңнан астам ашық вагон бар болса, соның 55% көмір тасымалына жұмылдырылған. Бұл – «Қазтеміртранс» АҚ мен жеке тасымалдаушылардың вагондары.
Жылу маусымына орай көмір тасымалдауға вагондар жеткілікті - ҚТЖ
Оқуға 1 мин
Сұлугүл Бакесова
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі