Жылу беру маусымында ел ішіне темір жолмен 71 млн тонна көмір тасымалданбақ

Жүк тасымалы
24.09.2021, 10:39
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың мамыр мен тамыз аралығы және қыркүйектің 15-не дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 36,4 млн тонна көмір тиеліп, тасымалданған. Тас көмірдің басым бөлігі – 27,7 млн тоннасы еліміздің тұтынушыларына жөнелтілсе, экспортқа 11,6 млн тоннасы шығарылған. Бұл туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС алаңында әкімшілік, көмір разрездері мен жол бөлімшелерінің өкілдері қатысқан қатты отынның тиелімі мен түсірілімін қамтамасыз ету бойынша өткен кеңес барысында белгілі болды. Жылыту маусымына дайындықтың мамыр айында басталып, көмір тиелімі жоспарының алдын ала бекітіліп қойғанына қарамастан бірқатар аймақтардың, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының жоспарды орындамағаны белгілі болып отыр. Қыркүйек айында көмір разрездері 8,7 млн тонна көмір тиеп, тасымалдауға тапсырыс берген. Алайда, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы көмір тиелімін ай сайын 8,8 – 9 млн тоннаға дейін жеткізу қажет деп санайды. Оның себебін, олар күздің қара суығы мен қыс маусымында көмір тасымалына қатысты жүктеме мен жылжымалы құрамның жетіспеушілігін болдырмаумен байланыстырып отыр. Жалпы биыл 103 млн тонна көмірді тасымалдау жоспарланған. Соның ішінде 71 млн тоннасы ел қажеттілігін өтеуге бағытталса, қалған бөлігі сырт елдерге жөнелтілмек. Кеңес қорытындысы бойынша жол бөлімшелерінің басшыларына көмір тасымалына қатысты тапсырыстың орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруға, сондай-ақ, вагондардың көмір тиеу және түсіру операциялары кезінде тұру мерзіміне бақылауды күшейтуге тапсырма берілді.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға