Ақтөбе облысына сұйытылған газ темір жол арқылы жеткізіле бастады. Бүгінгі күні «КТЖ» ҰК» АҚ-ның ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласына 25 вагон цистерна сұйық газ жеткізілген, деп хабарлайды Rail-news.kz. Ақтөбеде жергілікті әкімдік қымбаттап кеткен газ бағасымен күрес жұмыстарын ұйымдастыру кезінде теміржолшылар көмегіне жүгінді.

«Бүгінгі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ арқылы жөнелтілетін жүктердің көлемі артты. Мәселен, Ақтөбе қаласына 25 вагон цистерна немесе 900 тонна жүк келіп түсті, газ толтыру станцияларына жөнелту жұмыстары жүргізілуде. Бұдан басқа, 16 вагон цистерна немесе 576 тонна станцияларда тұр», – деді Ақтөбе облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және энергетика басқармасының газбен жабдықтау бөлімінің басшысы Самат Лепесов.

Энергетика басқармасының мәліметінше, Ақтөбе облысы ай сайын 13 мың тонна сұйытылған газ пай- даланса, қазан айында 11 160 тонна сұйытылған отын бөлу жоспарланған.