Станциядағы жұмыстың барлығы автоматтандырылған

Цифрландыру
07.06.2023, 14:55
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар – екінші класты учаскелік станция. Тәулігіне 30-ға жуық пойызға қызмет көрсететін станцияда қозғалысты автоматтандыру жүйесі жұмысты ретті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Станцияның жұмыс паркінде сәт сайын жаңарып жатқан мәліметтер қозғалыс мамандарының көз алдында, бірден компьютерге жүктеледі.    

Шалқар станциясының парк кезекшісі Гүлсара Мұсаева бір күндік жұмыс кестесімен таныстырды. Жұмыс үстеліндегі компьютерден Шалқар-Сексеуіл, Шалқар-Тассай, Шалқар-Жем бағыттарындағы қозғалыстың схемасын түсіндіріп,  ондағы әр нүктенің ақпарат екенін айтты. Пойыздардың дайындығы, тұрып қалған тепловоздар, жөнелту, қабылдау процестерінің барлығы сол сәтте компьютерге түседі. Мәліметтерді жүйеге қосылған кез келген компьютерден қарауға болады. Яғни, бүкіл қозғалыс кестесі алақандағыдай айқын әрі қолжетімді.    

«Келіп-кеткен пойыздардың бәрін тіркеп, компьютерге жүктеймін. Құрамды жазып отырамын. Пойыздардың дайындығын хабарлаймыз. Компьютердегі барлық ақпараттар мен ескертулерді машинистің қолына шығарып беремін. Сырт қараған адамға қайталанып жатқан жұмыс болып көрінуі мүмкін. Әр бағыт бөлек, бірін-бірі қайталамайды, сондықтан мұқияттылықты талап етеді», – деді Шалқар станциясының парк кезекшісі Гүлсара Мұсаева.

Жүк қабылдау, жүк түсіру, транзиттік пойыздармен жұмыс, тағысын тағы станция жұмысына қатысты жүк операцияларының барлығы автоматтандырылған. Станциядағы маневрлік қозғалыстарды реттеп, тіркелетін, ағытылатын вагондардың жұмысын экраннан бақылап отыруға болады. Вагондарды уақытылы ағытып-тіркеу және оларды белгіленген уақыттан артық тұрмауы бақыланады. Парк кезекшісінің айтуынша, мұнда Тассай, Сексеуіл жағынан пойыздар көп келеді.

«Барлық желімен жұмыс істейміз. Тепловоздарды қараймыз. Жарамай қалған тепловоздарды ағытып алу жұмыстарын ұйымдастырамыз. Күнделікті жұмыста уақытты тек экранға телміріп отырумен өткізбейміз. Тежегіштерді бекітеміз. Құрам дайын болған кезде жөнелтілуін хабарлаймыз, тағы басқа құрамдар қозғалысына байланысты жұмыстар көз алдымызда», – деді парк кезекшісі.  

Отыз жылдан астам еңбек өтілі бар парк кезекшісі станциядағы тәжірибелі қызметкерлердің бірі. Еңбек жолын 1991 жылы осы станцияда бағыттаушы болып бастаған 20 жастағы өрімдей қыз 16 келі болатын тежегіштерді көтеріп, вагондарды бекіткен күндерін еске алады. 2000 жылдан бері парк кезекшісі. «Автоматтандыру мен цифрландыру – станция жұмысын едәуір жеңілдетіп,  бұрын қанша уақыт пен күш жұмсайтын көптеген жұмысты бір жерден бақылауға мүмкіндік берді, бұл – үлкен игілік», – дейді парк кезекшісі.    

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz