ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ

Цифрландыру
09.10.2026, 09:22
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысының күн тәртібінде «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Отырысқа көлік министрі Нұрлан Сауранбаев пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев қатысты.

Министр Digital Qazaqstan стратегиясы шеңберінде цифрлық жобалардың жүзеге асырылғаны туралы айтса, ҚТЖ басшысы компанияда жүк және жолаушылар тасымалын толық қамтитын бірыңғай цифрлық жүйені қалыптастыру бағытындағы жұмыстар туралы баяндады.  

– Негізгі міндет – жүк тасымалының тиімділігін арттыру, жолдардың сақталуын қамтамасыз ету және азаматтар мен бизнеске мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқарту. Негізгі жобалардың бірі – 58 дереккөзді біріктіретін және халықаралық жүктерді бүкіл маршрут бойынша қадағалауды қамтамасыз ететін Smart Cargo платформасы. «Нұр Жолы» өткізу пунктінде тасымалдың цифрлық паспорты іске қосылды. Қағаз талонның орнына бірыңғай QR-код қолданылады, – деді министр.  

ҚТЖ басшысы компаниядағы цифрлық жүйе жүк және жолаушылар тасымалын ұйымдастырудан бастап пойыз қозғалысын басқару, жүкті жеткізу және жолаушыларға қызмет көрсетуге дейінгі барлық процестерді қамтитынын атап өтті.  

– Негізгі мақсат – жекелеген процестерді цифрландырумен шектелмей, барлық тасымалдау процесін өзара байланысқан бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіру. Оның тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін магистральдық теміржол желісінде LTE-R технологиясы негізінде ҚТЖ-ның жеке 4G байланыс желісі құрылады. LTE-R пойыз қозғалысын басқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету үшін деректерді тұрақты жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба 16 мың шақырымнан астам магистральдық теміржол желісін қамтиды, екі кезеңде шамамен 2800 базалық станция орнатылады. Бірінші кезең – Трансқазақстан теміржол желісі мен Астана – Алматы бағыты 2027 жылы аяқталады. Бұл тасымалдау процесінің тиімділігін 10 пайыздан 15 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді, – деді Е. Отыншиев.

Компанияда іске асырылып жатқан тағы бір маңызды жобалардың бірі – Smart-диагностика. Бұл жүйе теміржолдағы ақаулар мен тәуекелді алдын ала анықтап, дер кезінде қажетті шаралар қабылдауға септік етеді. Диагностикалық кешендер қозғалыс кезінде теміржолды автоматты түрде сканерден өткізеді, жиналған деректер спутниктік байланыс арқылы бірыңғай жүйеге түсіп, автоматты түрде талданады. Ақауларды алдын ала анықтау – қауіпсіздікті арттырып, жылдамдық шектеулерін азайтуға және 2029 жылға дейін 11 мың шақырым жолды жаңарту аясындағы жөндеу жұмыстарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.  

– Бүгінде вагондардың техникалық жағдайы негізінен мамандардың қолымен тексеріледі. Енді бұл жұмысты автоматты жүйеге көшірудеміз. Осы мақсатта Wabtec компаниясымен бірлесіп, KinetiX интеллектуалды диагностика жүйесі енгізілуде. Астанада жұмыс істеп тұрған осы жүйенің нәтижесі бойынша 8 айда 1 млн-нан астам вагон диагностикадан өткізілді, 17 мыңнан астам ақау анықталды. Алынған нәтижелерді ескере отырып, технология 2027 жылдың 1 жартыжылдығының соңына қарай тағы 6 теміржол торабына енгізіледі. Соның нәтижесінде пойыздарды техникалық тексеру уақыты 30 пайызға қысқарады, қол еңбегі 70 пайызға азаяды, ал вагондардың тоқтаусыз жүру қашықтығы 600 шақырымнан 1500 шақырымға дейін артады, – деді басқарма басшысы.  

Жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жайлылықты арттыру үшін пойыздарда интернет енгізу жұмысы аяқталды. Бүгінде 51 бағыттағы 108 пойыздың 1500-ден астам вагоны Starlink спутниктік интернетіне қосылған. Бұл қызметті жыл сайын 11 млн-нан астам жолаушы пайдаланады. Қазіргі уақытта Транстелеком компаниясымен бірлесіп жолаушыларға интернет қызметін ұсыну шарттары пысықталуда.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды