ҚТЖ жасанды интеллектті сынау үшін цифрлық полигондар ашады

Цифрландыру
03.02.2025, 09:42

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жасанды интеллект негізінде темір жолы үшін үздік әзірлемелерді сынау, бейімдеу және енгізу үшін цифрлық полигондар жасайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Digital Almaty 2025 халықаралық форумында IDC вице-президенті Андрей Беклемишев «AI жөніндегі жаһандық коалиция: Серіктестік және даму векторы» сессиясында жасанды интеллект нарығындағы жаһандық трендтермен бөлісті. IDC мәліметтері бойынша, жаһандық ЖИ шығындары жылына орта есеппен 30% астамға өсуде, өткен жылы GenAI нарығы екі еседен астам өсті. IDC 2028 жылға қарай AI технологиясының жалпы жаһандық шығындары 620 миллиард АҚШ долларынан асады деп күтеді.  

Андрей Беклемишев «Қазақстан темір жолы» цифрлық полигондар құру туралы бастамасын атап өтіп, Қазақстанда ЖИ-ді табысты қолданудың кейбір мысалдары туралы айтып берді.  

Полигондар IT-компаниялар, университеттер мен технопарктер жасанды интеллекттің әртүрлі компоненттерін әзірлеп қана қоймай, оларды теміржол көлігінің нақты жұмыс жағдайларына бейімдей отырып, өз шешімдерін іс жүзінде тексере алатын негізгі алаңға айналады. Қазақстандық шешімдерге басымдық беріледі, бұл отандық технологиялар мен цифрлық тәуелсіздіктің дамуына ықпал ететін болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ– «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» филиалының директоры Мұрат Ахметовтың пікірінше, «Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер аясында цифрлық полигондарды құру өндірістік процестерге жасанды интеллектті енгізуді жеделдетуге мүмкіндік береді».  

- Бүгінде «Қазақстан темір жолында» цифрландыру, елдің көлік инфрақұрылымының қауіпсіздігі мен тиімділігіне ықпал ететін озық технологияларды пайдалану бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, - деп атап өтті ол.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады