ҚТЖ-да қағазсыз құжат айналымына қадам: QR-код тәжірибеге енгізілуде

Цифрландыру
05.09.2025, 09:25
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

ҚТЖ қағаз арқылы құжат айналымын азайтып, мүмкіндігінше электронды құжат айналымын бір ізге түсіргені белгілі. Осыған орай, уақыт талабымен үндесе отырып, жалынды жастардың бастамасымен озық технологияларды өндірісте қолдану кең өріс алып келеді.

Осы күндері Түркістан локомотив пайдалану депосында жылу техникаларының жетекші инженері болып еңбек ететін Санжар Шәкәрімов QR-кодты кеңінен қолданысқа енгізудің жай-жапсарын зерделеуде.  

– Қазір QR-код көп жерде қолданылады. Озық технологиялы үлгіні біз де өз саламызда кәдеге жаратсақ дейміз. Айталық, бізге телефонограмма немесе факсограмма арқылы біліктілік арттыру жиындарына шақырту хаттар келіп жатады. Енді соның бір бұрышына әлгі QR-кодты енгізуді ойластырудамыз. Өйткені оны енгізу аса қиын емес, есесіне ақпаратқа қол жеткізудің тиімділігі артады, – дейді ол.  

Зейіні зерек, жаңашылдыққа жаны құмар Санжардың сөзіне сүйенсек, бұл амалдың астары мынадай. Әлгі шақырту хаттың бұрышындағы QR-кодты телефонмен сканерлегенде, хаттың мазмұны мен мекен-жайынан бөлек өзге де қажетті ақпараттар телефон экрнанына шыға келеді. Ол ол ма, тіпті діттеген жердің картасы мен сол мекеменің жұмыс уақыты, оған жету жолдары мен жұмсалатын уақыт, қаржылық шығын, жалпы жету амалдарына қатысты жанжақты әрі толыққанды ақпараттар шығады. Расымен де, қазіргідей ақпараттық технология дамыған кезеңде мұндай жетістіктерді мейлінше еркін әрі тиімді пайдалану – құптарлық іс. Оның үстіне қолданушылар үшін уақыттан ұтып, тиімділігі мол әдіс, амал болса, оны неге қажетке жаратпасқа?!.  

– Сондықтан да біздің негізгі бағытымыз өндірістік сала болғанымен, тиімділігі мол технологиялық әдістерді еркін қолдануды қолға алып жатырмыз. Осы мақсатта жауапты мамандардың назарына өз ойымызды рационализаторлық ұсыныс ретінде жіберіп отырмыз, – дейді Санжар Дауренбекұлы.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты