ҚТЖ көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамытуға жоспарлайды

Инфрақұрылым
18.02.2022, 10:42
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Дереккөздер соңғы 15 жылда еліміздің көлік саласына шамамен 35 млрд доллар көлемінде қаржы жұмсалғанын көрсетеді. Қазақстан темір жолы үшін, әсіресе, табыс көзі болып саналатын көлік дәліздерінің транзиттік әлеуетін дамыту аса маңызды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінде транзиттік дәліздердің кезең-кезеңмен жаңғыртылуы алғашқы нәтижелерін беріп те жатыр. Мәселен, өткен жылы транзиттік контейнерлік тасымалдар 1 миллионнан астам ЖФЭ-ні құрап, 2020 жылдың көрсеткішінен 22%-ға жоғары болғаны салаға жұмсалған инвестицияның ақталуы деген жөн. Бүгінде Қазақстан арқылы 11 халықаралық транзиттік дәліз өтсе, соның бесеуі темір жол көлігіне, автомобиль жолына тиесілі.
Осы ретте, 2021 жылы транзиттік тасымалдардың тұрақты өсуін назарға ала отырып, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына сәйкес темір жолдарды дамыту негізінен транзиттік бағыттарда жүргізілгенін айтар едік. Әсіресе, өткізу қабілеті шектеліп отырған Достық-Мойынты транзиттік учаскесін дамыту басымдыққа ие.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның өндірістік процестер жөніндегі басқарушы директоры міндетін атқарушы Бауыржан Орынбасаровтың айтуынша, өткен жылы екінші жолдарды салуға қатысты жобалық шешімдер өзгертілген. Бұл жобалық шешімдердің іске асырылуы ҚР Үкіметі тарапынан қолдау тауып, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасына енгізілген. Және де жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, Достық станциясын дамытудың бас жоспары бекітілген. Техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, бүгінде жоба экологиялық және мемлекеттік сараптамадан өтуде. Демек, 2021 жылы жүргізілген ұйымдастыру-дайындық жұмыстары 2024 жылға дейінгі екінші жолдарды салу бойынша директивтік мерзімдерді орындауға мүмкіндік бермек.

– Бұдан бөлек, біз осы учаскені жаңғырту бойынша бірқатар практикалық шаралар қабылдадық. Атап айтқанда, Достық-19 разъезд аралығында 25 км екінші жол төселді, ол бойынша 10 желтоқсанда жұмыс қозғалысы ашылды. 48 км жолға күрделі жөндеу жүргізілді, бұл темір-бетон негіздегі жолдың ұзындығын 99,9%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Балқаш станциясында теміржолшылардың өз күшімен пайдалы ұзындығы 1650 метрді құрайтын қосымша жол салынды, – дейді Бауыржан Орынбасаров.

Оның айтуынша, өткен жылы Қытайда Цзинхэ-Алашанькоу шекара учаскесінде электрлендірумен екінші жолдардың құрылысы басталған. Бұл – Достық-Мойынты жобасының дер кезінде іске асырылып жатқанының және қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол инфрақұрылымының синхронды дамуының айқын дәлелі.

Сонымен қатар жеке өндірістік қуаттарды жұмылдыру есебінен Қызылорда бөлімшесінің 4 жекелеген пунктінде ұзынқұрамды пойыздарды өткізуді қамтамасыз ету үшін қабылдау-жөнелту жолдары ұзартылса, Алтынкөл станциясында екі жаңа жол салынған. Ал Теректі, Түйемойнақ, 3-разъезде бір жолдың құрылысы басталыпты. Жалпы ұзынқұрамды пойыздарды өткізуді қамтамасыз ету бағдарламасын 2024 жылға дейін жалғастыру жоспарлануда.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды