Вагон құрастыру кластерін дамыту қажет

Инфрақұрылым
27.09.2022, 10:00
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы аясында 12 секцияның бірі – вагон құрастыру саласын дамытуға арналды. Отандық вагонжасау өндірісінің бүгінгі ахуалы мен болашағы сөз болған секция отырысында вагон құрастыру бойынша бірнеше кәсіпорын басшылары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Отырысқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Батыр Котырев модераторлық етті. Компанияның техникалық саясат департаментінің бас менеджері, бас инженердің орынбасары Талғат Қанатбаев баяндама жасады.  

– Соңғы жылдары жүк тасымалының артуынан паркте вагон жетіспеушілігі туындады. Осыған орай вагон құрастыру бойынша арнайы мемлекеттік бағдарлама қажет. Оператордың жылжымалы құрамға қажеттілігі 2027 жылға дейін 24 мыңға жуық вагонды құрайды. Соның ішінде ҚТЖ кәсіпорындары бойынша 16,5 мыңдай вагон. Вагон құрастыру кәсіпорындарының өндірістік қуаты жылына 5800 вагонға бағаланады. Қосалқы бөлшектер жасаумен 40 шақты кәсіпорын айналысады. Оларда 6 мыңдай адам еңбек етеді. Отандық вагон құрастыру саласының негізгі проблемасы – өндірістің импорттық қосалқы бөлшектер қолдануға тәуелділігінің жоғары болуы. Шетелдік инвесторлармен келісімшарттарда өндірісті локализациялау тармағы болса да іс жүзінде қазақстандық үлес әлі де аз болып отыр. Осыны міндеттеу керек. Тежегіш бөлігі бойынша бөлшектердің бәрі толығымен Ресейден әкелінеді. Қазақстандық вагон құрастырушы кәсіпорындар техникалық параметрлері жағынан ресейлік әріптестерінен артта қалып отыр, – деген   Талғат Қанатбаев вагон құрастыру кластерін дамытуға қажетті алғышарттарды атап, осы саладағы өзекті деген мәселелерді тізіп шықты.  

Сөз соңында баяндамашы Қазақстанның вагон құрастыру саласындағы кедергілерді шешу жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, кәсіпорындардың инновациялық қызметін қолдау, жүк вагондары операторлары мен ұлттық өндірушілерге салықтық және басқа да жеңілдіктер қарастыру, локализациялау деңгейін арттыра отырып вагонның құрамдас бөлшектері өндірісін кеңейту, зерттеу және жобалық жұмыстарды қаржыландыру, мемлекеттік қолдау және тағы басқа ұсыныстарды ортаға салды. Вагон құрастыру саласындағы мемлекеттік бағдарлама аясында перспективалы вагондар модельдерін жасауда мақсатты, ғылыми зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар барлық конструкторлық құжаттамаларды цифрландыру арқылы толыққанды вагон құрастыру кластерін құруға және саланы тұрақты дамытуға мүмкіндікті арттыруға болатынын жеткізді. Осылайша мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын жасау қажеттілігіне назар аудартты.  

Секция отырысында «Қазақстандық вагон құрастыру компаниясы» ЖШС, «ЗИКСТО» АҚ, «Cool Infinity» ЖШС сынды жүк вагондарын жасаумен айналысатын ірі кәсіпорын басшылары сөз алып, өндірістің жай-күйі, кездесіп отырған қиындық-кедергілерді жеткізді.

  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті