Вагонжасау саласын дамыту қалай іске асып жатыр?

Инфрақұрылым
13.01.2023, 09:14
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Екібастұз қаласындағы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС – еліміздегі заманауи жоғары технологиялық кәсіпорынның бірі. Он бес жыл бұрын «Таман» вагон жөндеу депосының базасында үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде құрылған кәсіпорын жүк вагондары өндірісіне бағдарланған осы саладағы бірден бір отандық компания.

Инновация – өндіріс орнының ең басты артықшылығы. Яғни, роботтар мен микропроцессорлық техникаларды, стенд-трансформерлерді қолдануға бағытталған икемді автоматтандырылған өндіріс процесін құруы – компанияның үлкен жетістігі және келешекте жүк вагондарының түрі мен модельдерінің шығарылымын кеңейту мүмкіндігі. Мәселен, компанияның өндіріс цехтарына Германияның «SATO», «MEBA», Австрияның «Atlas Copco», «Fronius» және Италияның «Pentamac», «CMU» компанияларының стандартты, ал украиндық «Техвагонмаш» НПФ кәсіпорнының стандартты емес жабдықтары орнатылған. Бұлар кез келген маркадағы және қалыңдықтағы металдарды өңдейді. Бүгінгі күні кәсіпорын металөңдеу бойынша қызметтердің алуан түрін көрсетеді: фрезерлік, токарлық, қашап өңдеу, слесарлық жұмыстар, кез келген күрделі металдарды кесу, сырлау сияқты жұмыстарды атқарады.  

Қазақстандық вагон жасау компаниясы қолайсыз жауын-шашынды ауа-райынан қорғауды қажет етпейтін сусымалы, үлкен кесекті, даналап тиелетін тауарларды және басқа да жүктерді тасымалдауға арналған 12- 9846 модельді әмбебап ашық жүк вагондарын шығаруға машықтануда. Өйткені, бұл вагондар елімізде үлкен сұранысқа ие. Себебі, Қазақстанда теміржол арқылы тасымалданатын жүктердің 60% астамын өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің шикізат өнімдері құрайды. Бүгінде кәсіпорында 11-9980 модельді кеңейтілген есіктері бар толық металдан жасалған вагондар өндірісі игерілген. Сонымен қатар, жауын-шашыннан қорғауды қажет етпейтін, ағаш, темірбетон және металл бұйымдары, ұзын конструкциялар сияқты кең номенклатуралы жүктерді, үлкен сыйымдылықтағы контейнерлерді тасымалдауға арналған 13-9808 модельді 4-осьті әмбебап платформаларды құрастыру өндірісі де өрге басқан. Өндірісті локализациялауда 18-9845 модельді екі осьті жүк вагондары, әмбебап ашық вагондарға арналған люк қақпақтары үлкен жетістік деуге болады. Зауыттың өндіріс қуаттылығы 2000 ашық вагонды және 500 жабық вагонды немесе 500 вагон-платформаны құрайды.  

Бүгінгі мультимодальды тасымалдауды ұлғайтуға орай нарықтың ағымдағы өзгермелі конъюнктурасы, сондай-ақ неғұрлым тиімді жылжымалы құрамға, атап айтқанда жоғары бортты ашық вагондарға сұраныстың артуы компания алдына жаңа міндет-талаптар қойып отыр. Мәселен, жүк вагондарының модельдік қатарын кеңейту, атап айтқанда қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін ашық вагонның жаңа моделін әзірлеумен қатар, өндірісті жаңғырту, нарықтық сұранысқа сай технологиялық жабдықты тез қайта құруға мүмкіндік беретін әмбебап өндірістік процесті құру және жаңа нарыққа, атап айтқанда металл конструкцияларын өндіру нарығына шығу.  

Алайда, зауыттың өндірісін кеңейтуге қолбайлау болып отырған мәселелер бар. Алдымен, ұзақ мерзімді негізде кепілдендірілген тапсырыстың болмауы, екіншіден, қажетті қосалқы бөлшектер бойынша импорттың жоғары үлесі. Компоненттерді жеткізу, құю, металл илемдеу, т.б. бойынша Ресейге үлкен тәуелділік бар.  

Осы ретте, компанияның вагонқұрастыру саласын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстары да бар. Мәселен, отандық металлургиялық кәсіпорындармен металл прокаттарының номенклатурасын кеңейту бойынша жұмыс жүргізу немесе Қытайда өндірілген металл прокаттарын Қазақстан нарығына шығару мүмкіндіктерін қарастыру ұсынылады. Сонымен қатар Ғылыми-зерттеу және жаңа конструкторлық әзірлемелерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, қаржыландыру жүргізілсе; лизингтік компанияларды жылжымалы құрамды сатып алу кезінде жеке кәсіпорындарды қаржыландырудың жаңа тетіктерін құруға ынталандыру, ал лизингтік компаниялардан отандық вагон жасау өнімдерін сатып алу кезінде пайыздық мөлшерлеменің үлесін субсидиялауды арттыру мүмкіндігін қарастыру; сонымен қатар өнімді экспортқа шығару кезінде қосымша құн салығын төлеуден босату ұсынылады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты